Міне қызық, Масадан дәрі жасап шыгармақ

Міне қызық, Масадан дәрі жасап шыгармақ
жеке
блог

Зерттеушілер алдымен бір топ адамды екіге бөліп, сынақ жүргізген. Сынаққа қатысушылардың бәрі үш ай бойы жа­сушадағы нуклеин қышқылының синте­зін тежейтін хлорохин препаратын қабылдапты. Осы мерзім ішінде бірінші топтағы адамдары ауру қоздыр­ғышын таратушы масалар шағып тұрса, екінші топ қа­ра­пайым масалардың шабуылына ұшыраған. Ал үш айдан кейін сынақ жүр­гізу­шілер тәжі­рибеден өтіп жат­қан топ мүше­лерінің бар­лығын да малярия қоздырғышын таратушы масаларға шақтырыпты. Сонда ал­ғаш­қы топ мүшелерінен ауру белгісі табылмайды. Ал ке­зінде қарапайым масалармен сынақ жүргізген екінші топ өкілдерінің безгек жұқ­тырғаны белгілі болады. Бұ­дан шығатын қо­ры­тынды – хлорохин маля­рия қоз­­дырғыштарын өлті­ріп, оның қан құрамында да­муына жол бермейді. Сөйтіп адам ағза­сында ау­руға қарсы имму­ни­тетті ны­ғайтады. Хлорохин қол­дан­ған адамды шаққан масаның індетті тарату қабі­леті де төмендейді. Ға­лымдар енді осы әдістің негізінде жаңа вакци­налар өндіруді көздеп отыр