Міне қызық.
блог
Аңглияның Бакстоун қаласының голф алаңына Найгл Макнотон есімді 30 жасар жігіт ойнауға барады. Ол 80 метр жерден допты бар күшімен ышқынып тұрып ұяшыққа қарай сілтеп кеп жібереді. Қатты ұшқан доп шұңқырға емес мәшінелер ағылып жатқан трассаға қарай зымырай жөнеледі. Трассаның дәл үстіне заулап келген жұдырықтай доп мотоцикл айдап келе жатқан жас жігіттің шлеміне барып «сарт» ете қалады. Байғұс бала басына доп тигенде есеңгіреп, «атынан» аударылып, тас жолға жалп ете қалады. Ал доп болса оның басынан ыршып, қарсыда келе жатқан жеңіл мәшіненің алдыңғы әйнегіне барып соғылады. «Тарс» ете қалған дыбыстан шошып кеткен шопыр сасқалақтап рульді шетке бұрып жібереді де арыққа барып «гүмп» етеді. Ал егесі аунап түскен мотоцикл болса өз бетінше лағып барып қарсыдағы үлкен мәшінеге соғылады. Үлкен көліктің соңында тіркеп алған бірнеше арбасы бар екен. Иесіз мотоциклден қашпақ болған үлкен көлік артындағы арбасымен қоса жол шетіне төңкеріліп түсті.