МІНЕ-Е-Е-Е!..

Зейнеп апам Бақытжан ағам ауырып жатқанда жанында отырып газет оқып беретін. Кейде аға ападан кітап оқып беруін өтінетін... Апа ағамның жанында отырғанда бір уақыт осылай кесте де тігетін. Жалпы, апамның қолынан бәрі келеді. Кесте де тігеді, тоқыма да тоқиды. Мына сүлгіні "ағаңның бар кезінде тігіп едім" деп маған сыйлаған. Апамның тағы бір сыйлығы - табақтың астына қоятын төсеніш. Қалған жіптерден осылай әдемілеп тоқып берді. Бірақ мен мұны болашақ келініме деп ырымдап (анығында немереме) сақтап қойдым. Жо-жооооқ, асүйге қажет сүлгіні сатып аламын. Ал мынау апамның тіккені. Сондықтан тек қазақтың қолөнері ретінде, қымбат бұйым ретінде, апамның қолының табы бар болғандықтан сақтап қоямын. Зейнеп апам сүлгі жиегінің әдемілігіне де қатты мән береді. Өзі айтқандай, ешқандай дүкенде жоқ, базарлардан табыла бермейтін заттар бұлар. Мен үшін өте қымбат! Ешқандай алтын-күмісің де, ақық, гауһар да бұл сыйлықтардың орнын баса алмайды. Өйткені мұнда менің апамның қолының табы бар, ешқандай тігін машинаның көмегінсіз апамның қолымен тігілген осы сүлгіде оның жақсы энергиясы бар... Алла ол кісіге зооооооор денсаулық берсе екен! Ешқашан ауырмаса екен! Мен Алла тағаладан тек осыны сұрар едім. Апамның амандығын!
... Әдемі, иә! Осыдан кейін ғой, мата алдым, өзімше апам тағы тігіп берер деп, дәмеленіп...))))) "Үйрен өзің, мен саған көмектесемін", - деді апам. Содан арнайы жіп алдым. Өзімше тігіп бастадым. Ойқы-шойқы кестемді көрген балам: "Айеке, андағыңды менен басқа ешкім көрмесін! Апаңның кестесінің теріс жағының өзі қандай! Ал сенікі...", - деп айтеееееп-айтып тастады...)))))

Ү-Ү-ҮЙ-Й-Й-Й, ЖАЛҚАУ!!!


И-и-ий, мынау мен тоқыған шұлық. Қалған тоқымаларым ФБ-дағы суреттерімде, анығы үстімде. Бұл шұлықты түрлі жіптермен тоқи беруге болады. Осыдан біраз жыл бұрын Абай атындағы Опера және балет театрында істейтін Гүлнар деген анамның оқушысына барып әншілердің, театр артистерінің баскиімдерін тігіп үйренгім келетінін айттым. Бутафория цехында 4-5 ай істедім де. Гүлнар - он саусағынан өнер тамған ісмер қыз! Мен Гүлнардың қажырлылығы мен еңбекқорлығына қатты қызығам. Жанында отырып талай баскиімдердің моншағын қадап, жиегін көмкеруді үйрендім. Жағалай отырған қыздардың кейбірінің тіккенін қайта сөгіп жатқанда, оларға ескерту жасағанда жаным мұрнымның ұшына жететін еді. Ол маған ұрыспайтын. Мен де оны ешқашан ұятқа қалдырмауға тырысатынмын. Жалпы, мен қолөнерге қызығамын. Жұмыссыз отырғанда осы шұлықтарым мені "асыраған". Солай! Бірақ жалқаумын (((((( Астанада тұрсам Асылзаттың оң қолы болар едім. Шынымен! Төзім де, икем де жетеді өйткені. Қазақ әйелінің қолынан бәрі келеді, тек ерен санағысы келмейді...))). Әзірге мына шұлықтың біреуі тоқылмай жатыр (((((... Бірақ аяқсыз қалмайтынын білем ғой...
"Зейнеп апамен қалай туыссың?" - деп сұрайтындар көп... Рухани жақынмын. Жан дүниеммен жақынмын. Осыдан кейін олай сұрай бермеңдерші... Ол - менің апам!!! Мен аздап апама тартқам...)))))))



Бөлісу: