Миттал туралы естуіңіз бар ма?

   Лакшми Миттал – қазақ қоғамы тани бермейтін адам. Бiзге белгiлiсi – оның Қазақстандағы 8 миллиардердiң бiрi екенi, Қарағанды көмiрiнің басында отырғандығы. Тегi үндiлiк, қазiр – Ағылшын азаматы. Қазақстанға келгелi тура он жылдан асты. Яғни, экономика тұралап, нарықтың екi өкпеден қысып тұрған қысымшылық кезiнде келген. Бәлкiм сондықтан болар Қарағанды көмiрi оған су тегiн тидi десе де болғандай. Алайда, Лакшми Миттал келгелi Қарағанды шахталары жарылыстан көз ашпай отыр. Осыдан екi жыл бұрын 21 кеншi мерт болғанда, бұны ең ауыр қасiретке бағалаған едiк. Елбасы дәл сол кезде Митталды кеншiлердiң айлығын 20%-ға көтеруге көндiрген. Қазiр 12 мыңға жуық кеншi жер астында жұмыс iстейдi. Былтырғы жылдың өзiнде олардың 300-ге жуығы әртүрлi жарақат алса, биыл аталған жарылысқа дейiн де 5 кеншi қаза болған. «Ассошэйтед агенттiгiне» сұхбат берген кеншiлердiң бiрi мұндағы құрал-жабдықтардың 20 жыл бойы жаңартылмағандығын айтқан. Лакшми Митталдың бүгiнде жеке капиталы 30 миллиард долларды құрайды екен. Бұның қаншасы Қарағанды көмiрiнiң арқасында еселенгенiн ешкiм тап басып айтып бере алмайды. Алайда, Миттал жергiлiктi жұмысшылардың әлеуметтiк жағдайын жақсартуға, олардың заңды талабын орындауға құлықсыз. Митталдың аты әлемге банкротқа ұшыраған кәсiпорын, өндiрiс орындарын сатып алып, оның жұмысын жандандырып жiберетiндiгiмен шыққан екен. Бiрақ, ол жүрген жерде үнемi әлеуметтiк мәселелер ушығып кететiн болған. Мәселен Польша өнеркәсiбiнде де дәл бiздегiдей мәселелер орын алып отыр. 

  «Біз 1995 жылы Теміртаудағы 34 мың жұмыс жасайтын «Кармет» өнеркәсібін сатып алдық. Сол кезде бұл елде қыста қырық градус аяз, жазда қырық градус аптап ыстық болатынын білген жоқпыз», - деді магнат. 

«Болат құятын зауытты сатып алмақ болғанымызда, басшысы жоқ қалаға келгендей күй кештік. Теміртаудың қала мәртебесі болса да, бірақ су мен электр жарығы жоқ болатын», - деп таңданады ол. 

Сондықтан алғашқы күні пальтосын шешпей ұйықтап, шелектегі сумен беті-қолын жууға тура келгенін жасырмады. 

«Біз Қазақстанда зауыт сатып аламыз дегенде есінен ауысып кеткен шығар деп ойлағандар да болған...», - деп еске алады Миттал. 

Ешбір қиындықтарға қарамастан, бұл өндірістің соншалықты дамып кететініне Лакшми Митталдың өзі ғана сенсе керек.

«Миттал стил Теміртау» АҚ - компанияның зауыттары 4 құрлықтың 14 елінде (Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, АҚШ, Канада, Мексика, Тринидад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Алжир) бар. Оларда 164 мың мың адам жұмыс істейді. Жылына 70 млн. тонна болат өндіреді. 19% ж. «Испат Кармет» АҚ комбинаттың негізгі отын базасы болып табылатын Қарағанды көмір бассейнінің 15 шахтасы мен 12 кәсіпорнын иелігіне алып, көмір департаментін, 1999 ж. Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарын иелікке алып, «Өркен» атты темір рудасы департаментін құрды.

      Соңғы уақытта жаһандық ArcelorMittal өзінің АҚШ және Еуропадағы өндірістік қуаттылықтарының жартысын сату немесе тоқтату бойынша шешімдерді бірінен соң бірін қабылдауда.Бұл шешім оның өзі қалауы. Алайда, Митталдың Ирандағы белсенділігі мен Владимир Лисин мен Олег Сосковцтың жақында Теміртауға барған сапары үнділік миллиардердің – бұрынғы Қарағанды металлургиялық зауыты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қазақстандық активтері келешегі туралы мәселені тағы да көтерді. Сонау 2008 жылы АМТ 4,3 млн. тонна болат шығарып, оның төрттен бір бөлігін, яғни, 1 млн. тонна прокатын Қытайға жіберетін. Тіпті, Митталдың жоспарында балқытуды 6 млн. тоннаға дейін арттыру болғантын. Бұл жоспардың жүзеге асуына, бірінші, әлемдік дағдарыс кедергі болса, содан кейін Қытайдың өзі де себеп болды. Қытайлықтардың қысқа мерзім ішінде өздерінің өндірістік қуаттылығын артқандығы соншалықты, АМТ-ның аспан асты еліне экспорты 2015 жылы 40 есеге, яғни 25000 тоннаға дейін түсті. Ал болат өндірісі былтырғы жылы 3,468 млн. тоннаны құрады. АМТ-ның Қытай нарығында жоғалтқандардың орны санкция алынғаннан кейін Иранға тасымалдаулар жасауы есебінен біршама өтелді де, 2014 жылы 981 мың тоннаға және 2015 жылы 1,1 млн. тоннаға жетті. Барлығы жақсы сияқты еді, алайда, ирандықтар импортты алмастырумен толықтай айналыса бастады.



Бөлісу: