Миражға

Миражға
жеке
блог

Ойнақшып сұлу жанарың,
Ұнатып біраз толғандым.
Толтырған нұрға бар маңын,
Атыңды Мираж қойған кім?

Әдемі есім санамда
Сол күйі қалды жаңғырып.
Қолайы түссе, маған да
Тағдырдың атар таңы күліп.

Жарасқан бейне, сүйкімді,
Кетпейді ойдан, қиялдан.
Өзіңмен өткен сол күнді,
Әрдайым еске жиі алам.

Жолыққан сәтте ең ерек,
Кеудемде сезім сыймаған.
Сол сәтте жаңбыр себелеп,
Тамаша шашу сыйлаған.