Министр 36 мың теңгеге баланың бүкіл киімін алдым деген жоқ қой

Әділін айтайықшы. Министр Асхат Аймағамбетов 36 мың теңгеге баланың бүкіл киімін алдым деген жоқ қой. Бар болғаны үш зат алды. Енді бүкіл киім-кешегі мен кеңсе тауарларын 200 мыңдай сомаға алған ата-аналар әңгіме айтып жатыр. Министр 36 мыңға үш зат алғанын ғана айтты, чегінде де солай деп тұр. Ал басқа киімдері өткен жылғы екенін және соны балалары биыл да кие беретінін түсіндірді.

Халыққа осылай 36 мың деп тарап кеткендіктен, әрине, түсінбеушілік, дау-дамай шығып жатыр. Қызықпыз жалпы.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет авторы: Ернар Алмабек



Бөлісу: