Мини-юбка кигендер көп өмір сүреді...

Мини-юбка кигендер көп өмір сүреді...
жеке
блог

Әрине, орыстың бір сайтында «Мини-юбкалар» әйел адамның өмірін ұзартады деген ақпаратын оқыдым. Қызық пен шыжық. Сөйтсек, антрополог сэр Эдвин Буркхарт бастаған британдық ғалымдар зертей келе, мини-юбкалардың әйел адам өмірін ұзартатынын анықтаған-мыс.

Бұл зерттеуге ерікті 5000 бойжеткен қатысыпты. Жалпы киім атаулының жуылғаннан соң адам терісіне көптеген жұқпалы ауруларға алып келетін микробтары болады екен. Ғалымдардың ойы сол – адам қаншалықты аз киім кисе (ашық киінсе) ол көптеген аурулардан сақтанады.

Бұл бір ме? Ал екінші нұсқасы – ашық киім киінген қыз күйеуге шығу мүмкіндігіне сөзсіз ие болады дейді олар. Ал жалғыз өмір сүретін адамға қарағанда отау құрғандар көп өмір сүреді деген факт бар. Ендеше, юбка киюші қыз-ханымдар көп өмір сүреді!

Пффффффффффффффффффффффффффф!

Ақпарат мына жерден көрілді :)