Минералды су жайлы не білесіз?

Минералды су жайлы не білесіз?
жеке
блог

Минералды суларды көрген кезде бәріміз ең қауіпсіз пайдалы су деп ойлаймыз, ал оның зияны бар деген ой бізге көп келе бермейді... Тіпті оның қайдан, қалай алынып жатқаны бізді аз толғандырады. Ал оның құрамында пайдалы элементтер бар ма, жоқ па тіпті білмейміз...

"Минералды суды пайдалы" деп көбіне біз өзіміз ұзын-сонар тізіміз жасап алғанбыз, соларға тоқталып көрсек: 

  • еш қоспасы жоқ
  • шөлді тез қандырады
  • құрамында қант жоқ
  • диета кезінде еш ойланбастан ішуге болады
  • минералды су болғандықтан барлық ауруларға ем
  • минералды су болғандықтан организмде жетіспеген минералдарды толтырады

Ал осы минералды сулардың пайдасы жайлы ең алғаш қалай білген? 

Ғылыми тұрғыдан дәлелденбесе де, ата-бабаларымыз судың пайдасы мен емдік қабілетін көбіне жануарларды бақылау арқылы білген екен. Жануарлар емдік қасиеті бар сулардың қасынан өз емін емдеп жазбайынша сол судың маңынан кетпейтін болған. Ауруы жазылған жануар емі біткен күні өзі мекен еткен судың маңын тастап кетеді деседі. 

Минералды сулардың құрамындағы бізге пайдалы элементтер олар көбіне: Mg- магний, Ca- кальций, F- фтор, Ag - күміс, К- калий. Ал осы пайдалы элементтерді алу үшін жасанды минералды суларды төмендегі әдіспен дайындап, оңай алуға болады екен: 

Өзіңіз көріп отырғандай краннан алынған суға 1/6 ас тұзы  5 гр ас содасы қосылып араластырылады. Бұлай дайындалған сулар көбіне "Ессентуки" және "Боржоми" емдік-минералды суларының дәмін береді. Бірақ пайдасы табиғи сумен салыстырғанда - ноль. Ресейдің бір өзінде осы Ессентуки мен Боржоми суларын өндіретін 200 ге жуық завод бар екен.  

Біз де өз минералды суларымызды Ресейлік танымал минералды сулармен салыстырып көрсек, өздеріңіз білетіндей біздегі ең танымал минералды су - "Сарыағаш". Бізде нақты "Сарыағаш" суын қанша компания өндіретіні белгісіз, дегенмен барынша интернеттен тапқан ақпарат бойынша бізде "Сарыағаш" суын 12 компания нақты өндіретінін дәлелдей алады екенмін. 

Негізінен "минералды су" тау жыныстарының шоғырланған жерінен терең скважина арқылы алынуы керек. Ал біздің сулар осы қарапайым талапқа сай ма? Біз оны жай ғана судың сыртындағы қағазында жазылған сөздерден-ақ ұғуымызға болады. 

Мен, кең таралған өнім ретінде, "Алекс" компаниясы өндіретін "Сарыағаш" суы сапалы деуге негіз бар, оны төмендегі  этикеткаға қарап Мемлекеттік стандартқа сай деп дәлелдеуге болады:

Мемлекеттік талаптарға сай, судың қандай скважинадан алынғанын жазып қойған. Минералды судың шыққан күні мен 12 ай ғана сақтау керектігі көрсетілген. Егер тек емдік минералды су болса, онда сақтау мерзімі 6 ай ғана деп көрсетілуі тиіс. Ал судың минералдығы 1.10 грамды көрсетіп отыр, бұл дегеніңіз сіз бұл суды қажетіңізге қарай іше беруіңізге болады. Ал егер, судың минералдығы 1,5 мг/литр судан асып кеткен болса, онда оны тек дәрігердің кеңесімен ғана ішкен дұрыс. 

Минералды суды таңдаған кезде мына кеңестерге назар аударыңыз:

  • Этикеткада судың анықтамасы мен шығарылған күні, сақтау мерзімі міндетті түрде көрсетілуі керек
  • Судың химиялық құрамы мен ондағы элементтердің мөлшерінің көрсетілуі
  • Су алынған скаважина номері мен скважина аты
  • Мемлекеттік талаптарға сай ГОСТ, ТУ номерлері көрсетілу керек 
  • Өндіруші адресі көрсетілуі керек
  • Этикетканың дұрыс кілейленуіне мән беріңіз

Мен көрсеткен бұл көрсеткіштер судың сыртында жазылған этикетадан оқып білуге болатын қарапайым стандарт талаптары екенін ескеріңіз, ал нақты судың құрамындағы минералды нақты мөлшерін тек лабораториялық жағдайда ғана анықтауға болады, ал оның нақты скважинадан алынғанын тек радиологиялық әдіспен ғана анықтайды. Сондықтан да, өндірушілер өз этикеткаларына өтірік жазбайды деген үміттемін. Ал егер енді краннан құйып алды деген күннің өзінде белсендірілген көмір фильтрациясыннан өткізеді деген үлкен үмітім бар. 

Минералды су артезина суы болмай шықса, не мен жоғарыда көрсетілген жолмен өндірілген болса сіздің денсаулығыңызға төмендегі ауыртпалықтарға әкеліп соғады:

  • бүйрегіңізге тас жиналуына
  • бауырыңызға тас жиналуына
  • алкогольді өнім ішкенен кейін кейбір элементтер арақ құрамымен реакцияға түсіп сізге кері әсер беруі мүмкін
  • құрамында көмір қышқыл газу мен радон элементтері болса, ол адам организіміне зиян. Ішек жұмыстарының нашарлауы, асқазан қышқылының көп бөлінуіне әкеліп соғады. т.б.

Қандай минералды су болмасын тексерістен өткенін және дәрігер кеңесімен пайдаланған дұрыс, артық су мөлшері сіздің бүйрегіңіз бен бауырыңызға тастың тез жиналуына әсер ететінін ұмытпаған дұрыс. Ресейдің танымал дәрігері Елена Малышева өз бағдарламасында адамға күнделікті 2 литр судың зияндығын дәледеген болатын. Сондықтан тым көп су пайдалану зиян екенін ұмытпаңыз. 

Мамандардың кеңесі бойынша адам ағзасына зияныз су скважина (артезиан) және бұлақ сулары, ал егер ондай суды күнделікті қолдануға мүмкіндік болмаса суды қайнатып ішу керек, суды қайнатқан кезде құрамындағы минералдар өзіміз білетіндей қақ болып шәугімге байланады. 

Ең басты не ішсекте, деніміз сау болсын!