Миллиондарды жылатқан фильм

Миллиондарды жылатқан фильм
жеке
блог

   Өткен аптада «You are all surrounded» деген сериал көргем. Мектеп медбикесін айдаладағы полиция комиссары сайлаудан өту үшін өз мақсатына өлтіреді. Кейін оның ұлы осы өлімнің себебін ашпақ болғанда түрлі күтпеген оқиғаларға тап болады.


Жақында бөлем «Чудо в камере №7» деген киноны көрдің ба?» деп сұрағанда бүкіл сюжеті көз алдымнан өтті. Әрине, көрдім ғой. Жоғарыдағы сериал да осы фильмді қайта еске түсірді. Былтыр қыста интернеттен көшіріп алдым да, ауылға барған соң сіңлім, інім үшеуміз телевизорға қосып, үлкен экраннан жақсылап отырып көрдік.

Негізі бұл фильм 2013 жылы шыққан, тек басында бірден аударылмаған. Оның жаппай аударылуының да себебі бар. ЕХО деген топтың шоуында «Кім көп жылайды?» дегенге ұқсас сұрақ қойылды. Сонда топтың бір ғана мүшесі көрген кино, анимесіне жылайды екен. Сөйтіп, оларды сынау үшін осы киноны көрсетпей ма қызық болсын деп. Соңында бәрі жылады ғой! Бір-екеусі ұйықтап қала ма сондай) Содан сол шоу арқылы бұл фильмнің танымалдылығы артты. Көруге, жылауға тұрарлық, аянышты кино.


Оқиға желісі былай: Ён Гу атты ақыл-есінде кемшілігі бар жалғызбасты әке (бұл тіркес бұрын қолданушы ма еді, білмеймін, бірақ қызын жалғыз өзі асырап отыр ғой) қызы Е Сын үшін бәрін жасауға дайын. Бәленің бәрі қызына сол кезде танымал болған «Сейлормун» анимесіндегі қыздың суреті бар сөмкені алып бергісі келген жерден басталады. Сол сөмкені сататын дүкенді табамын деп жүргенде полиция бастығының қызының өліміне қатысы бар деп жазықсыз айыпталады. Қызға алғашқы көмек көрсетем деп жүріп, соңында «Кішкентай қызды зорлау, адам өлтіру» фактілері бойынша түрмеге қамалады.Ал онда Ён Гуды тағы да қиын кезеңдер күтіп тұр еді...

Баласынан айырылған түрме командирі Ён Гуға еш аяушылық көрсетпейді. Дәл сол уақытта оның кінәлі еместігін білмеген еді.

Ён Гуды сол түрмедегі ең қатыгез қылмыскерлер жиналған №7 камераға әкеліп қамайды. Бірақ ол қылмыскерлер Ён Гудың жағдайын түсініп, жақсы араласады. Бұл кезде Ён Гудың жалғыз ғана тілегі бар еді: алтыннан қымбат жалғыз қызын көргісі келетін. Осы тілегін камераластары орындамақ болып келісіп, қызды камераға кіргізу операциясы жақсы іске асады. Бір жаманы: қызды қайта шығыра алмай қалады. Сөйтіп әке мен баланың камерада жаңа өмірі басталды.


Е Сын осы камераның бар жұбанышы болды. Бірақ түрме командирі мұны біліп қояды. Кейіннен қызды мектепке апарып, өз қамқорлығына алады.


Ён Гудың кінәлі еместігін дәлелдейтін айғақтар болса да, жоғарыдағылар оның жанды жері – Е Сын арқылы қорқытып, кінәні мойнына алуға үгіттейді. Қызының амандығы үшін Ён Гу бәріне көніп, өлім жазасына кесіледі.


Кейін заңгер мамандығын бітірген Е Сын әкесіне тағылған айыпты жоққа шығару үшін қайтадан істі қозғайды. 

Мен тура осы жерінде жыладым. Сіңлім болса, басында-ақ жылай бастаған)) Інім де жылады) Кейіннен мамам мен сіңлім бірге көріп, екеуі тағы жылады. Енді отдуши жылап алатын кино бұл.


Адамға көктем мен күз қатты әсер етуші еді ғой, осы фильм сондай жабыраңқы кезде тұздық ретінде күшті кетеді)

Ал менің бағам: 10/10.