"Миллион раушан гүл"...

Сәлем, достар! Аман-есенсіздер ме? Алда келе жатқан ғашықтар мерекесіне қандай жоспарларыңыз бар?

Болмаса (болса да), мен барлықтарыңыздың құлақтарыңызға алтыннан сырға тағайын:

Осы сенбі Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-дың "БІЗ" студенттер театры жаңа қойылымның тұсауын кеспек.


"Миллион раушан гүл" деп аталатын бұл спектакльдің  сценарийін театр студенттерінің өздері жазған. Режиссер - Сайлаубеков Ғалымжан. (Төмендегі суретте ортада - режиссер)

Мені блог жазудан да басқа қырымнын танитын боласыздар! Иә, мен де осы театрдың бір мүшесімін. Алла сәтін салса, үлкен сахна төрінде сіздер үшін, қолымнан келгенше, өнерімді көрсетіп бағам!)

Бірақ  бұл жазбамды "өзім ойнаймын" деп мақтанғандықтан  не театрды жарнамалағым келгендіктен емес, шын көңілмен шақыру ретінде жазды деп қабылдағайсыздар. Жастарға ауыз толтырып айтарлықтай берері бар мұндай рухани дүниеден шет қалмағандарыңызды қалаймын.

Бәрімізде ортақ бір ғана ниет - "Миллион раушан гүл" миллиондарға ой салса ғой... Махаббаттың тарам-тарам жолдарында, қиыр-қиыр қияларында адасып жүрген сезім құлдарына ақыл айтудан аулақпыз. Жәй ғана көз алдына көрініс арқылы көрсетіп бергіміз келді. Сахнадан сіздер де өз бейнелеріңізді тауып алатындарыңызға шүбәм жоқ.

Сан түрлі сезімдер мен әр түрлі махаббат көріністеріне куә болып, ерекше әсерге бөленгіңіз келсе, 14 сәуір күні 18.00-де студенттер сарайына қарай тартыңыздар. Онда сіздерді тамаша рухани шабытпен театр ұжымы күтетін болады. Аааа, айтпақшы, міндетті түрде (егер болса) сүйіктіңізді ерте келіңіз! (КІРУ ТЕГІН)...

Аааал, жарайды, енді рұқсат болса, мен кеттім дайындыққа. Мәәәәсссссаған, екі-ақ күн қалды ғой!.. Қорқып, ой, қорқып емес, толқып жүрмін...

Ұмытып барамын, Алматыда емес достарға блог арқылы қойылым көріністерінен суреттер салармын, Алла қаласа!



Бөлісу: