Миллион доллор

Миллион доллор
жеке
блог

Массагетте жарық көрген Миллионер болудан бас тартқан 5 адам атты мақаласынан кейін, өзімніңде аздаған алып-қосарым бар. 
Расында да миллион доллорданда бас тартатын адамдар бар екен. Әйгілі ресейлік математик ғалым Григорий Перельман жайлы білмейтіндер некен-саяқ болар. Ол көптеген еңбектердің авторы. Авторы ғана емес өз ісінің білгірі, дана көшбасшысыда.
1996 жылы Еуропалық жас математиктер одағынан сыйлық тағайындалған, бірақ одан бас тартты.
Бір ғана мысал әлемнің ең қиын жеті есебінің бірі саналатын Пуанкаре теоремасын дәлелдеген ғалым. 2002-2003 жылы Перельман Пуанкаре теоремасының 2 дәлелін жариялады. Бір таң қаларлығы атақты математиктерден құралған топ Перельманның дәлелін тек 2010 жылы ғана тексеріп шыға алды.
2006 жылы Пуанкаре гипотезасын шешкені үшін халықаралық сыйлық «Филдс медалі» ұсынылды, бірақ ғалым одан бас тартты. Сол жылы Science журналы Пуанкаре теоремасын «Жыл жетістігі» деп жариялады («Breakthrough of the Year»). Бұл осы атаққа лайықты болған алғашқы теорема болатын.
2007 жылы британдық газет The Daily Telegraph «Жүз жүйрік ойлылардың» тізімін жариялады. Бұл тізімде Григорий Перельман 9 орынды иеленді.
2010 жылы мыңдаған жыл шешімін таппаған теорияны шешкен үшін АҚШ бір миллион доллор көлемінде сыйақы ұсынылды.
2010 жылы Парижде осы сыйлық табысталатын конференцияға барудан бас тартты. Сонымен қатар 1 шілдеде осы сыйлықтан бас тартатынын мәлімдеді. Өзінің өмір жолында еш атаққа қызықпаған ғалым, карьера қуудан бас тартып жай ғана тыныштықтағы өмірді қалап БАҚ-пенен байланысын үзген.

Ғалымның өмір тарихына үңілсек Григорий Перельман 1966 жылдың 13 маусымында Ленинградта дүниеге келді. 1993 жылы Израильен қоныс аударған әкесі Яков инженер-электрик болған. Анасы Любовь Санкт-Петербургте қалып, ПТУ-да математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істеген.
Перельман 9-сыныпқа дейін қаланың сырт жағындағы орта мектепте оқыған, бірде 5-сыныпта Пионерлер сарайына қарайтын математикалық орталықта Рукшиннің жетекшілігімен математикаға ден қоя бастайды. 1982 жылы Будапештегі Халықаралық математикалық олимпиададан Кеңес оқушыларынан құралған топ ішінен барлық тапсырмалардан толықтай жоғары балл жинап алтын медальға ие болады.
Ленинград Мемлекеттік Университетінің математика-механикалық факультетіне емтихансыз қабылданған. Факультеттік, қалалық және бүкілкеңестік студенттердің математикалық олимпиадасынан жеңімпаз атанған. Барлық жылдары тек қана «өте жақсыға» оқыған. Оқудағы жетістіктері үшін Ленин стипендиясын алған. Университетті үздік аяқтап, Ленинградтық бөлім В. А. Стеклова атындағы Математикалық институттық аспирантурасына (жетекшісі — академик А. Д. Александров) түскен. 1990 жылы кандидаттық диссертация қорғап, бас ғылыми кеңесші болып жұмыс істеуге қалды.
1990 жылдың басында Перельман әр түрлі университетте ғылыми қызметші болып жұмыс істеп, АҚШ-қа келеді. Әріптестерін өзінің аса қарапайымдылығымен таңқалдырған, сүйікті тағамдары сүт, нан және ірімшік болған. 1996 жылы ПОМИ-дағы жұмысын жалғастырған Санкт-Петербургқа оралады. 2005 жылдың желтоқсанында математикалық физика лабораториясының бас ғылыми қызметшілігінен кетеді. ПОМИ-дан шығып кетеді және әріптестерімен, толықтай байланысын үзді десек те болады

Осындай Григорий Перельман секілді өзге ғалымдарда атақ-даңқ үшін емес өз қоғамы үшін еңбек етсе қанеки.