Миллиардердің таңы.

Сәлем, массагет! Соңғы бірнеше күнде мүлдем блог сала алмадым. Оның себебі мен тұратын ауылда интернет желісін уақытша, белгілі бір себептермен үзіп тастады. Сондықтан да жексенбіге жоспарлаған блогым тек бүгін шығуда. Түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын және енді үзбей жазуға тырысамын! Ал, енді тақырыпқа көшсек.
Адам баласының ең негізгі мәселелерінің бірі бұл - таңда ерте тұру. Кейбіреулер бұл жетістікке үлкен азаппен болсын жетіп жатады. Бірақ, ерте тұрып алып, уақытта зая кетіріп те жатамыз. Сондықтан да "Миллиардердің таңы" деп сіздерді алдап, кішкентай, қарапайым таңертеңгі қажетті дағдыларды ұсынғым келеді.

1. Ерте тұру. 

Ең алдымен дәл осы кезеңнен өту керек. Өз нәпсіңізді жеңіп, ішкі дисциплинаны шарықтау шегіне жеткізіп, келесі қадамдарға көшіңіз.


2. Су+лимон ішу.

Адам ағзасы үшін судың маңыздылығы сіздерге белгілі болар. Суды тек астан кейін ішуге болмайды. Ал қалған жағдайда тіршілік көзі сізге оңынан әсер береді. Ал егер оған лимон шырынын қоссаңыз тіпті керемет болады. Себебі, лимон калий мен С витаминіне бай. Нәтижесінде, ол иммундық жүйені ынталандырады, бүйректегі тастардың пайда болуының алдын алады, денені сутектендіреді, лимфа жүйесін қалыпқа келтіреді және ішекті тазалайды.


3. Жаттығу.

Білем, білем, білем. Сіз бұл кеңесті өміріңізде мың рет естідіңіз. Бірақ, ең қызығы сіз әлі де оны күнделікті жасауға кіріскен жоқсыз. Біле білсеңіз, таңертең жасалған жаттығу кезінде зат алмасу процессі тәуліктің басқа уақытына қарағанда бірнеше есе тез орын алады. Ішкен асыңыз ағзаға оң әсер береді, зейінді кеңейтеді және зерттеулерге сүйенсек кофеге қарағанда 20%-ға пайдалы.


4. Медитация.

Мен медитация жайында жеке блог жазғанда жөн көрер едім. Бірақ, бір айтарым - бұл пайдалы. 


5. Душ қабылдау. 

Бұл енді, кейбіреулеріңіздің негізгі өмірлік ұстанымдарыңызға айналып кеткен болар. Бұл пайдалы. Сондықтан да, осы әдеттеріңізден таймауға кеңес беремін. Әсіресе салқын сумен жуынсаңыз, қан айналым процессі жылдамдайды. 


6. Жоспар құру. 

Таңертең тұрған бойда, жоспарыңызды қарап, оны қалай жүзеге асыруды сүзгіңізден өткізіңіз. Бұл сізге сол күніңізді сәтті өткізуге үлкен мотивация мен ынта береді. Сенімділік сыйлайды және күнделікті кішігірім мақсаттардың жүзеге асуын бақылау арқылы, өзіңіздің прогрессіңізді көре аласыз. 


7. Таңғы ас.

Таңғы асқа біз көбіне қажетсіз тамақтарды ішіп жатамыз. Кей зерттеулер бойынша таңертең жақсы әсер ететін қайнаған жұмыртқа мен жеміс-жидектер. Және жеңіл "кашаны" да осы тізімге қосуға болады.


Иә, бір қарағанда оп-оңай нәрселер секілді. Бірақ, оны орындау сізге қиындық тудыруы мүмкін. Сонда да беріспей, осы жеті әдетке дағдылансаңыз, күніңіз бірнеше пайызға болсын жақсарары анық. Ендеше, ертеңнен астап, осылай таңыңызды атырыңыз! 



Бөлісу: