Бүгінде ақшадан қысылған сәтте ешкімненсұрамай, еш қиындықсыз, рәсімделуі оңаймикронесие елімізде кеңінен тараған. Иә, ел аузында «займ», «микрокредит» деген түрліатаулармен жүрген несиенің бұл түрі бүгінгі күндебіреуді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған. Соңғы кездері микронесиенің құрбаны болып, опық жеп жүргендер жетерлік. Пайызы шарықтаптұратынын білсе де, қалың қарашаның жартысынанкөбі осыны алудан бас тартпайды. Ал біреулеріоның тіпті салдары мен пайызынан да бейхабарболып шығады. Түсініктірек болуы үшінәлқиссасынан бастайық. Алдымен осы микронесиедеген не? Оны қандай банк немесе кімдер береді. Осы сұраққа жауап беріп өтейік.
Микрокредиттер - бұл жоғары пайызбенұсынылатын ұйымдардың шағын несиелері. Қарызалу үшін іс жүзінде ешқандай құжаттар қажет емес– жұмыс орны, төлем қабілеттілігі туралыанықтама, тек төлқұжат деректері. Барлығы өте қарапайым түрде жүзеге асады, несиелерді банктербереді, микронесиелерді тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалар береді. Ұқсастыққа қарамастан, несие мен микронесие мүлдем басқа нәрсе. Несие беретін банк-бұл жалпы ақшамен "жұмыс істейтін" ірі қаржы ұйымы. Банк сіздің кірістеріңізге, несиетарихыңызға, кепілгерлеріңізге қызығушылықтанытады. Микроқаржы ұйымы сізге үлкенпайызбен аз мөлшерде қаражат береді және сіз оны қайтаруға міндеттісіз. Микроқаржы ұйымы сіздіңнесие тарихыңызға қарамайды - әдетте сыртқытүрі бойынша анықталатын ағымдағы төлемқабілеттілігінің белгілері және өтініш берген күнібасқа ұйымдар алдында берешектің болмауыжеткілікті болады. Талайды сары уайымға салған бұл қарыздың тарихына үңілген едім, микро қарыздыңтұжырымдамасын АҚШ-та білім алған Бангладеш профессоры Мұхаммед Юнус есімді азамат құраған екен.
Аталған ақпараттардан мынадай қызықты тұжырым шығаруға: Банк беделге нұқсан келтірмеу және заңшеңберінен шықпау үшін борышкерлерменпроблемаларды заң жүйесі, яғни, сот орындаушылары арқылы шешеді. ХҚК борышкерлермен проблемаларды кез келген қолжетімді тәсілмен шешеді мысалы, коллекторлар. Бұл жағдайда пайда беделге қарағанда маңызды. Банктің қарыз алушыларға қатаң талаптары бар, ал микроқаржы ұйымдары тәуекелге баруданқорықпайды және оларды қайтармауы мүмкінадамдарға ақша береді.
Тақырыпты зерттеу барысында әрине, біріншікезекте микронесиенің залал зардабына әкепсоғатын кемшіліктерін тізбектедім.
Қарызға алынған ақшаның пайызы өте жоғары. Күніне 0,5% - жылдық 182,5%. Банктер жылдық10-30% - бен тұтынушылық несие береді. Кешіктірілгені үшін өте қомақты сомадағыайыппұлдар.
Коллекторлық мәселелер келейік. Микроқаржыұйымы борышкермен бетпе-бет келгенде, ол жайғана қарызды адамдардан "алып тастайтын" үшіншітарап ұйымына несие құқығын сатады. Мысалы, біреу МҚҰ-ға 1 миллион қарыз. Өздері шешудіңорнына ұйым бұл мәселені коллекторларға беріпқұтылады, 500 000 теңгеге ұйым коллекторға қарызалу құқығын береді, ал ол болса қарызды өндіружолдарын іздейді. Іздеу жолдарын олар әрине табады, себебі, олардың табысы, күн көрісі осыған байланысты. Өз табысы тұрған жерде, өндіруші коллекторлар, түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы ықтимал. Бірі жай ғана берешектеріңізді қайтару керек деп хабарласса, енді біреулері қорқытып адамның әлсіз тұсынан соғуы мүмкін. Ал біреулері тіпті осыны жапсаңыз банктен арнайы сыйақы ретінде ақша беріледі деп айта салуы да ықтимал.
Микронесие түрлері банк карточкасына, қолма-қол ақшаға, көлік кепіліне (заңнама деңгейінде жылжымайтын мүлік кепілімен шағын кредитке тыйым салынады), электрондық әмиянға, бизнеске арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, алаяқтарға алданып қалу қаупі жоғары, сондықтан сіз әрқашан фирманың құжаттамасын тексеріп немесе оны Қаржы министрлігінің ресми тізілімінен табуыңыз керек. Және алаяқтармикронесиесі бар адамдарды, базалық тізімнентауып, қарыз алушы мен оның таныстарынахабарласып, бопсалау тәсілдерін жиі қолданады. Адамнан айла арылмаған заманда және осы микронесиені алудың оңайлай түскен сайын, алаяқтар тұлғаның растауынсыз-ақ рәсімдейтін құйтырқы әрекеттерге бара алады. Бар болғанысіздің жеке куәлігіңіз немесе сіздің жекедеректеріңіз болса жеткілікті. Ал микронесиеберушілер оны кім рәсімдеп жатыр деген сұраққада аса бас ауыртпайды. Тіпті қазір онлайн рәсімдеуге көшкен. Міне, «жеке куәліңіздің суретінбейтаныс адамдарға жібере бермеңіз», «ЖСН нөміріңізді ешкімге айтпаңыз» деген кеңестердің де төркіні осыдан шыққан.
Есіңізге сала кетейін, микронесиені жоғарыда ақшадан жан қысылғанда адамдар амалсыз алады деп жазған едім. Осы тұста қосарым, жарнамаларды да сүзгіден өткізіп барып, көрген дұрыс. Себебі, ғаламтор желілерінде микронесиелердің жарнамасы қазіргі күнде дүркіреп тұр. «Деньги за 15 минут», «тиімді несие», «Несие 24/7» сынды жарнамалар ақшаға мұқтаж болып отырған адамды айналып өтпесі анық. Сол сәтте ақшаны алсам болды деген оймен ғана тұратын қарыз алушылар оның қысқамерзімді екенін, пайызының шамадан тыс жоғары екенін ескермейді де.
Бүгінде осы микронесиеден зардап шегіп отырғандар артып кетпесе азайып жатқаны шамалы. Себебі, банктегі ресми несиеге қарағанда рәсімдеуі оңай болғандықтан көп жағдайда микрокредитті төлем қабілеттілігі жоқ, қарызға белшесінен батқандар алады. Қайтара алмаған соң айтып өткенімдей коллекторлармен арпалысуға тура келеді. Айта кету керек, коллекторлар жай алдау-арбау, қорқыту арқылы ғана емес, қарызыңызды заң жүзінде сот арқылы да өндіруі әбден мүмкін. Ондай жағдайда істі болғандар тізіміне кіріп кетуіңіз де ғажап емес.
Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, 130 мың Отандасымыз онлайн режимде микронесие рәсімдеген. Келісімшартқа отырғандардың саны 700 мыңға жуық. Демек осы әдіспен бір рет займалған азаматтар одан кейін тағы да бірнеше рет микронесие беретін ұйымдардың қызметін пайдаланғанын білуге болады. Көп жағдайда екінші деңгейлі ресми банктер аз көлемде қарыз бере бермейді. 20-30 теңгені несиеге ала алмайтын болғандықтан, көп азаматтар онлайн несиеге жүгінуге мәжбүр және ел арасында микронесие, займ емес «айлыққа дейін» деп аталып кеткен. Бұндай мәселелерден еліміздегі жұмыс істейтін адамдардың айлық табыс көздері бір айға жеткіліксіз екенін аңғаруға болады. Несиенің дәл осы бір түріне келгенде де ел пікірі екіге бөлінеді екен, ол әрине қолдайтындар және қолдамайтындар.
Айта кетейік, микронесиенің залалы қарапайым банктен алған несиеге қарағанда, әлде қайда көп. Яғни, жоғарыда жазғанымда олар өзқарыздарын қайтару мақсатында кез келген әдістіқолдана береді. Одан бөлек, сіздің ісіңізколлекторларға өтіп кетсе, олардың қызметінқолданғаныңыз үшін қарыздан бөлек тағы ақшатөлеуіңіз қажет.