Мидың пластикалығы
блог
Құрметті оқырмандар, бұл блогымда мен сіздерге жақын арада оқыған американдық нейрохирург Норман Дойджтің "Мидың пластикалығы" атты кітабы туралы жазып таныстаруды жөн көрдім. Ми- адамның күнделікті саналы өміріндегі бірден-бір маңызды дене мүшесі екені айтпаса да белгілі. Міне, адам миының бұрын ашылмаған сырлары мен мүмкіндіктерін тамашалағысы келген әрбір оқырман үшін бұл кітап таптырмас дүние. Бұрын ашылмаған сырлары?... Йә - йә! Себебі кітап ғылымның жаңадан аяқ басып келе жатқан саласы, нейропластика, тұрғысынан жазылған. Кітапты оқу барысында әрбір оқырман өзіне бейтаныс көптеген қызықты да әсерлі ғылыми фактілерге қанығатынына еш күмәнім жоқ.
Бірншіден, кітаптың қысқаша мазымұнына тоқталатын болсам, жазушы нейрология ғылымында кеңінен тараған ескі көзқарас пен жаңа көзқарасты салыстырады. Ғалымдардың бұрынғы көзқарасы бойынша
- балалық шақтан кейін адам миының жұмысы тек нашарлай береді;
- зақымданған ми жасушаларының қалпына келуі мүмкін емес;
- ми ақауларымен туған немесе қатерге ұшыраған адамдар өмір бойы бұл кемшіліктермен өмір сүреді.
Ал Дойджтің айтуынша
- адам миы өзін-өзі өзгерте алады;
- мидың өлген жасушалары қалпына келеді;
- ми ақауларымен туған немесе қатерге ұшыраған адамдардың миы қалпына келеді;
- ойлау, үйрену және белсенді қимыл-қозғалыстар адамның ми жұмысын өзгертеді.
Екіншіден, кітаптың құрылымы сондай, оқырманды бірден қызықтырып, өзіне баурап алады. Бұған бірден-бір себеп - мәтіннің шынайы адамдардың өмірлерінен алынға оқиғалармен толастауы. Жазушы, мысалы, кеңістікте денесінің тепе-теңдігін ұстап тұру қабілетінен айырылған Черил атты айел туралы жазып, мидың мүмкіндіктері көмегімен әйелдің бұл ауруды қалай жеңгені жайлы баяндайды. Сонымен қатар инсульт ауруынан сал болып қалған Педро есімді азаматтың мидың мүмкіндіктері арқылы қайта жүру, сөйлеу және жазу сияқты дене қозғалыстарын қалайша қалпына келгендігі жайлы сипаттап жазады.
Үшіншіден, автор жазу барысында атақты нейролог ғалымдардың еңбектері мен жасаған тәжірибелерін негізге алады.Атап айтқанда, мысалы, Мерценихтің маймылдардың саусақтарын тігіп, содан кейінгі ми қыртыстарында болған өзгерістерді бақылағаны. Мұндай тәжірибелер, әрине, жазушының өзіндік ерекше көзқарасын қуаттап, кітаптың сыншыл оқырманның көңілінен шығуына бірден-бір кепілдік беретіні сөзсіз.
Жалпы, кітапты оқитын болсаңыз, өзіңіздің негізгі ойлау құралыңыз болып табылатын миыңыз жайлы күнделікті өмірде қолданбалы ақпарат аласыз. Сонымен қатар өнер мен ми құрылымы арасындағы байланыс, ойлау қабілеті жылдамдығы, әдет пен зейіннің ми жұмысындағы орны және т.б. жайында біліміңізі толықтайсыз.
Бүгінгі білімге ерекше көңіл бөлініп жатқан заманда әрбір секунд сайын жаңарып отыратын апаратты қабылдайтын мидың мүмкіндіктерін зерттеп білу тек ғалымдар үшін ғана емес, әрбір адам үшін маңызды. Сондықтан бұл кітап та өзімізді танып білуде белгілі бір мөлшерде үлесін тигізетиніне сенімім мол:)
П.С.: Аталған кітапты толығымен оқып шығуларыңызға кеңес беремін! ;)