Мысалы, сен емтихан болады деп дайындалып жатырсың. Кенет телефон шыр ете түсті. Сөйлесіп бола салып шөлдеп кеттің. Су алайын деп барып, айран іштің. Одан айран ішіме жақпады деп, қайта су ішіп болып енді отыра бергеніңде телевизордың пультінің үстіне отыра қалыпсың. Көк жәшік сайрап кетті. Содан каналдарды бір ауыстыра салайын деп едің, бір жерде сүйікті киноң болып жатыр екен. Соған қарап отырдың да қалдың. Жарты күн уақытың жоқ болды. Сонда сен сондай дамып кеткен адамсың ба, жоқ әлде, уақытты меңгеруге миың жетпей ме? Кітап қайда, емтихан қайда?