Мезгілмен тілдесу

Мезгілмен тілдесу
жеке
блог

                                     Мезгілменен тілдесу         

Жаңа мезгiл. Жаңа күн. Жаңаша дем,

Желтоқсан алып келдi тамаша рең.

Қоштасудың сәтi де келдi мiне,

Қыркуйек, Қазан және Қарашамен.

 

Түсуде Күз патшамыз тақтан бүгiн,

Қыс келiп табиғаттың тапқан мiнiн.

Мезгiлдер адамзатқа аңғартуда,

Өмiрдiң өтiп бара жатқандығын.

 

Далаға мамық қыстың шуағы енді,

Қоңыр күзім сапарға шыға ма енді?

Кешегі сағанышты сыйлап кеткен,

Сары түс аққа айналып шыға келді.

 

Ағаш, гүлі өзгерген  сәби бақтың,

Батып, шығып қозғалды фаниды ап Күн.

Төрт баласын тастамай алып жүрген,

Тылсым күші таусылмас табиғаттың.

 

Ерке желі Есілдің күнде еседі,

Даланың айтылады түнде өсегі.

Түр-түсін алмастырып  төрт мезгілім,

Тікелей тірілермен тілдеседі.

 

Сарыарқаның самалы мықты ұрады,

Ұлпа қардың тау басы - құт тұрағы.

Мезгілдер кезектесіп пенделерге,

«Мәңгі ештене болмайд(ы)» деп ұқтырады.

                                                                              автор: Жандарбек ЖҰМАН (j_j_s@mail.ru)