Мезгілге бағынған сезім...
блог
Көріп сені орнады көктем тағы,
Шуақ шашар көктемнің болдың бағы.
Өзіңменен кездескен сәттен бастап,
Еріді ғой жүректің қалың қары.
Құшағыңы алып сен "жаным" дедің,
Содан бастап орнады жазым менің.
Бұнша қуаныш болмап еді өмірімде,
Неткен жансың бірден алып елітетін.
Қуанышқа бөледің естен кетпес,
"Сүйем" дедің өзіңе бір жан жетпес.
Көктемі мен жазын сезген жүрек,
Шегіртке болды алдындағы күзін сезбес.
Сезімім сергелдеңге түсті ме әлде,
Маған деген сезімің өшті ме әлде?
Сарғайып барады ғой ғашық жүрек,
Сағым болып кетеріңді сезді ме әлде.
Қаңырап қала берді қайран жүрек,
Қыс орнаттың жүрекке қаңтарлы леп.
Бір күйдіріп, сүйдіріп кете бердің,
Оралмайды ешқашан көктемгі леп.
Сәби болды сезімім сені көріп,
Саған деген сезімім теңіз дерлік.
Толқын болып тасиды біресе ол,
Біресе күледі ол бала болып.
Төрт мезгілге бағынып бір сезімім,
Сендірмей сезіміме көз ілмеймін.
Қанша қиын болсада шыдай берем,
Себебі, "СҮЙЕМ СЕНІ - ЖАНЫМ МЕНІҢ"