Мейірімді мейірбике

Ақтөбе қаласы М.Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық орталығы, Кардиореанимация бөлімшесінің мейірбикесі Сандуғаш Орынбасарқызы – ақ халаттылардың ақ жүректігі мен ағадал пейілін танытып жүрген мамандардың бірі.

Адамдар арасында мейірім кеміген заманда науқастардың қас-қабағына қарап, өздігінен жүріп-тұра алмайтын ауыр науқастардың қажеттілігін өтеп, ақы дәметпей, ел-жұрт, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқару – үлкен жауапкершілік.

Осы мекемеде ем алған науқас ретінде Сандуғаш Орынбасарқызына зор алғысымды білдіремін. Сандуғаш жұмыс барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Ибн Сина ауруды емдеудегі дәрігердің үш құралының бірі "жылы сөз" деген екен. Сандуғаш та науқастармен байланыс кезінде олардың көңілін аулап, дертті жеңуге үміт сыйлап жүр.

Сондықтан әлемді пандемия өрті өршіп тұрған кезеңде шыбын жанымен алысқан талай жанның ажалына араша болған, адамдардың денсаулығына күні-түні алаңдайтын Сандуғаштай мамандарымыз көп болғай.

Біз қазақ елі атынан барша дәрігерлерге алғыс білдіреміз.

Автор: Аққибат Ақжігітова

 



Бөлісу: