Мейірім қашқан бұл заман

Мейірім қашқан бұл заман
жеке
блог

Бүгін Мейрам ерекше қуанышты. Тендерден жетістікке жетіп, көптен күткен құрылыс жобасы іске асатын болды. Жұмыстан шыға сала қуанышты хабарын отбасымен бөлісуге асығып, көлікке отырды да ашық көшемен зулап кетті. Жаңадан қар жауған кез, жолдың беті жалт-жұлт етіп жарқырап тұр. Көлігінің дөңгелегі де мұздың бетімен сырғып барып қана тоқтап жатыр. Бұны елеп жатқан Мейрам жоқ. Жақсы хабар қойнын кернеп, ең алдымен оған үміт артқан келіншегіне айтуға асықты. Қиял мен қуаныштың  буымен көшедегі жаяу жүргіншілердің белгісін байқамай қалды. Зулаған күйі алдынан жүгіріп шыққан 8 жастағы бүлдіршінді қақты да кетті. Көлігі біраз жерге дейін сырғып барып тоқтады. Есін жиса, кішкентай баланың жанына бір топ адам үйіліп қалыпты. Мейрам бірден сол жаққа қарай жүгірді. Бала әлі дем алып жатыр екен. Жедел жәрдемді шақыртып та қойыпты. Бірақ ол еш күтпестен баланы көтеріп алып ауруханаға тікелей тартты. Баланың ауырсынған даусын естіген сайын Мейрам ішін өкініш кернеп, қатты қиналды. "Асыққан-шайтанның ісі деген сол ғой" деп күбірлеп қояды өзі. Аурухананың дәл алдына көлігін қойып, баланы көтеріп, дәрігерге келді. "Қазір бәрі жапа-тармағай жүгіріп, баланы аман алып қалатын болды" деп ойлаған еді, бірақ асығып жүрген ешкімді көрмеді. "Соншалықты бәрі мейірімсіз ба" деп өзіне-өзі сұрақ қойғып еді, баланы өзі қағып кеткенін ойына алып, ұят қысып, көзінен жас шығып кетті. Дәрігерлердің ешкіммен шаруасы жоқ, балаға мүлдем қарайтын емес. Тек бір медбике жаны ашып, шырылдап жүр. Мейрам бұның себебін бірден ұғып, дәрігерге жақындап  келді де:

-Қанша ақша сұрайсыз? - деді.

 Дәрігер еш қысылмай:

-1000 доллар ғой ставкамыз,- деді де жөніне жүре берді.

Мейрам үйіне барып, келіншегіне болған жағдайды түсіндірді. Келіншегі түсінігі мол мейірімді жан, ойланбастан айтқан соммасын алып, екеуі ауруханаға беттеді. Бағанағы дәрігерді іздеп тауып, қолына ақшаны ұстатқаны сол еді, дәрігердің "мейірімі" аяқ асты оянып бала жатқан палатаға алып ұшып келді. Бірақ тым кеш еді. Баланың бетін ақ матамен жапқан медбике көзі мөлт-мөлт етіп, баланың сумкасынан алған күнделікті дәрігерге ұсынды. Мейрам да, келіншегі де жылап жіберді. Күнделіктің сыртын оқыған дәрігер қудай бозарып, жерге сылқ құлады. Оның қолындағы күнделік өзінің ұлынікі еді...