"Мейірім" деген дәрімен таныс болыңыздар)))
блог
...Ауырғыштап қалсам дәріханаға барғаннан гөрі ауылға тартып кеткім кеп тұрады. Ауылдағы анашымның алақанынан асқан ем жоқ қой. Анамды «шеше» деп атаймын. Шешем бұдыр алақанымен маңдайымнан сыйпап, көрпемді қымтаса жазылып кетердей сезінемін, кей кездері қалада ауырып қалғанда.
Бұл жолы ауылдамын, асқазаным болмай жатып қалған едім. Шешем шілдеханаға қонаққа кеткелі жатыр. Жылы оранып жат деп қымтап жүр. Шешем үйде сәл болмаса үйдің іші көңілсіз боп қалады осы. Осыны ойлап жатып ұйықтап кетіппін. Жып-жылы боп жатырмын, асқазаным да тәуір. Қарасам үстімде киімдер үйіліп қалыпты. 1-ші оқитын бауырым күртесімен аяғымды қымтап, бас киімімен төбемді бүркеп, қолына түскеннің бәрін маған жауып қойыпты. Әкем қалың жүнжейдесін әкеп қымтап қойыпты. Екеуі мәз болып теледидар көріп отыр. Дәрі-дәрмектен бұрын осындай мейірім, жылудан көбірек шипа табамын.
Әрқашан да сен деп тұратын, сол үшін ештеңе де сұрамайтын жақын жандарыңнын болғаны бір бақыт қой, шүкір. Менің бұл өмірдегі баға жетпес байлығым – отбасым аман болса екен деп тілеймін. Сіздердің де жақын жандарыңыз аман болсын!