Барлық адамда екі көз, екі аяқ, екі қол болғанымен, оның жаны мен ішкі дүниесі, ойлау қабілеті бір-біріне ұқсай бермейді. Бажайлап, зер салып қараған адамға табиғаттың да өзіндік ерекшелігі, бірін-бірі қайталамайтындығы байқалады. Соның барлығын қатесіз, мүлтіксіз жарату тек Алланың ғана құдіретімен жасалатын құбылыс екендігіне шүбә келтіре алмаймыз. Өлшеп берілетін өмірдің қадіріне жетуді кеш ұғынатын пендешілігіміз жанның жарасын тырнай түсетіні өкінішті-ақ! Мәнінен бұрын сәніне, жүрегі қалағанның барлығына қол жеткізгісі келетін адамның арманы тым биіктеп бара жатқандай көрінеді. Тек жанға да тазалық керек екендігін ескеру керек сияқты кейде… Жанның тазалығы — Ардың тазалығы. Қатыгез қоғамның қайнаған тіршілігінде жүріп бір-бірімізді іздеп тұруды, жылы сөздер айтуды, сағынуды ұмытып кетпейік…
Айналайын Адамдар, қазір бізге жетпейтіні жүрек түкпіріндегі мейірім ғой… Не айтпақ болғанымды мына суреттерден аңғарарсыз…
Сурет: Vk.com