Мейраммен құттықтады

Еуразия Ұлттық университеті ректоры наурыз айының 20 жұлдызында шет елдік студенттер және белсенді жастармен жолығып, наурыз мерекесімен құттықтаған болатын. Шара барысында белсенді жастарымызға арнайы сыйлықтар мен сыйақы беріліп, болашақта әр жасқа қолдау болатыны айтылды. Шарада сөз алған өзге ұлт өкілдері(қызығы қазақша сөйледі) ақ тілегін білдіріп, ЕҰУ жоғарғы сатылы оқу орыны екенін ерекше атап өтті. Қызықты кездесу жастардың алтын дауыс домбырамыздың әсем күйімен жалғасып, еркін пікір алмасуға ұласты. Расы керек, осы кезде жастарға қолдау көрсетіп, олардың толық сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Ендеше, білікті де білімді маман даярлайтын ЕҰУ жасай берсін!



Бөлісу: