Мейлі қуан,шошыңыз,Қайтып келмек досымыз...
блог
Менің арайлы Арқалық қаласында өзі арық болса да, сөзі семіз красавчик досым бар. Есімі - Нұрбол. Жай Нұрбол емес Қабиев Нұрбол. Өзі бой – сойы келіскен, ақылды, сымбатты жігіт. Сондықтан болар, қыз біткеннің бәрі оған ғашық. Қыздар ізінен жүгіреді де жүреді. Әрине қарызды қайтар деп. Болашақта қызығы мен шыжығы мол журналист болсам деп армандайды. Өзі соған тырысып та жүр. Өткен жолы осы досымның «Хош бол» атты блогын оқыдым, оқыдым да шошыдым. Естеріңде болар мұңға толы қоштасу блогы болатын. Іле-шала өзіне қоңырау шалдым:
- Әй,шүйкебас (мен оны солай атаймын). Бәрімен қоштасып , не болды саған? Әлде бір жаққа асығып жүрсің бе?-дедім әзілдеп. Ол болған жайдың бәрін айтып берді. Сөйтсек, оны массагетпен достастырған да қоштастырған да МАХАББАТ екен. Күн дидарлы ханшайымның, яғни қызының ата-анасы екеуінің жүргеніне қарсы болыпты. Үлкендердің сөзінен аса алмаған әдепті жігіт пен сыпайы қыз мәдениетті түрде ажырасқан көрінеді. Небәрі екі-ақ күнге. Содан екен Нұрболдың ас ішпей жүдеп, бәрімен қоштасып жүргені. Енді массагеттке қайтып оралмақ. Себебі, күн дидарлы ханшайымымен қайта табысыпты. Болашақ ата-енесі де түсіністік танытыпты. Айтпақшы, тағы бір қуанышты жаңалық, елде дағдарыс басталмай тұрғанда Нұрболдың уйленіп алмақ ойы бар. Кімге дейсіз ғой? Сенімді серіктесі Сараға, өзінің махаббатына. Міне, шын сүйіп қосылған ғашықтарды ешкім де , ешнәрсе де ажырата алмайды. Өмірдің өзі кездесу мен қоштасудан тұрады десек, қоштасып артынша достасқан Нұрбол мен Сараға достары болып тілек айтайық:
Дәйім, аспаны ашық болсын деп,
Құттықтауға екеуін
Барлығы асық болсын деп,
Құдайдан басқа ешкім де,
Бөле алмас ғашық болсын деп...
БАҚЫТТЫ БОЛ ҚАДІРЛІ ДОСЫМ МЕНІҢ!