Метаболизмнің көпіршік ату табиғаты

ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ШАҒЫЛЫСУЫНАН БАСТАП,

ЭМБРИОНДЫҚ КЕЗЕҢ АЛДЫНДА БЛАСТОЦИСТ ТУЫНДАП,  

ҚАЛЫПТАСА БАСТАУЫНДАҒЫ ЖАСУШАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ

ЖҮРЕТІН МЕТАБОЛИЗМНІҢ КӨПІРШІК-АТУ ТАБИҒАТЫ

 

ӘУБӘКІР Дәуренбек Әзенұлы, ӘЗЕН Ерабылай Дәуренбекұлы

Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ жанындағы «Ноосфера және Тұрақты даму»

ЭкБ-орталығы. E-mail: segiz-seri@yandex.ru

 

Abstract. In a number of papers, articles by foreign authors, there is a suspicion that the mechanism of cellular metabolism at the preliminary stage after the meeting of male and female eggs before embryo formation is related to the concept of cavitation, namely the formation of miniature bubble structures on both sides of cell membranes [1]-[3]. The article is intended to clarify how in reality to scientifically legitimize this assumption of our foreign colleagues who are not experts in the theory of cavitation, but who are excellent experts in their highly specialized field of life sciences - in embryology, biota morphogenesis, biotechnologies and in biology in general.

Keywords: cavitation, cavition, cavitation effect, cell cavition model, blastocyst, trophectoderm, trophoblast, embryoblast, blastocoel, ion pump, Na+/K+-ATPase, ATP-synthase, cavition type ci2, life-spark, cavition ci2-citation, osmotic pressure, cavitional temperature and energy equilibrium of the blastocyst, self-regulation, homoiothermia.

Аннотация. В ряде работ – статьях зарубежных авторов присутствует подозрение о том, что механизм клеточного метаболизма на предварительной стадии после встречи мужской и женской яйцеклеток до формирования эмбриона имеет отношение к понятию кавитации, а именно к образованию миниатюрных пузырьковых структур по обе стороны клеточных мембран [1]-[3]. Статья призвана прояснить как на самом деле по-научному узаконить это предположение наших зарубежных коллег, не являющихся специалистами в теории кавитации, но являющимися прекрасными специалистами в своей узкоспециализированной области наук о жизни – в эмбриологии, морфогенезе биоты, биотехнологиях и в биологии, в общем.

Ключевые слова: кавитация, кавитион, эффект кавитации, кавитионная модель клетки, бластоциста, трофэктодерма, трофобласт, эмбриобласт, бластоцель, ионный насос, Na+/K+-АТФаза, АТФ-синтаза, кавитион типа ci2, жизненная искра, кавитионная ci2-молния, кавитионный ci2-вулкан, кавитионный ci2-транспорт, осмотическое давление, кавитионное температурное и энергетическое равновесие бластоцисты, саморегуляция, гомойотермия.

Аңдатпа. Шетел авторларының бірқатар мақалаларында жыныстық ұрықтардың шағылысуынан кейін эмбриондық жасуша әлі қалыптаспай тұрып, алдын ала жасушалық сатыда басталатын метаболизм механизмінің кавитация – көпіршік-ату құбылысымен байланыстылығы тұжырымдалады, яғни жасушалық мембраналардың екі жағында миниатюрлік көпіршіктік құрылымдардың пайда болуы туралы күдік бар [1]-[3]. Осы мақала бұл құбылыстың шын мәнінде қалай орын алатындығы жайлы кавитация теориясының мамандары емес, бірақ тіршілік туралы ғылымның жоғары мамандандырылған салаларында – эмбриология, биота морфогенезі, биотехнология және жалпы биологияда жақсы мамандар болып табылатын біздің шетелдік әріптестеріміздің бұл болжамын қалайда ғылыми тұрғыдан негізделуге болатынын көрсетуге арналған.

Түйінді сөздер: көпіршік-ату – кавитация, кавитион, көпіршік-ату ерен құбылысы, жасушаның кавитиондық нобайы, бластоцист, трофэктодерма, трофобласт, эмбриобласт, бластоцэль, иондық сорғы, Na+/K+-ATPase, ATP-синтаза, кавитионның ci2 түрі, тіршілік ұшқыны, кавитиондық ci2-найзағай, кавитиондық ci2-жанартау, кавитиондық ci2-тасымалдау, осмотикалық қысым, бластоцисттің кавитиондық температура және энергетика тепе-теңдігі, өзін-өзі реттеу, гомойотермия.

 

Кіріспе. «Құдайдың кереметі», «тіршілік ұшқыны» – бұлар адам нәсілінің жаңа өмірінің пайда болуын болжап, керемет жаңғыруды ескере отырып қолданылатын эпитеттер. Эмбриологияны еске түсірмей-ақ, биология, генетика, биохимия, биотехнологияның дамығанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бұл эпитеттер қолданыста. Бұл жерде ЭКҰ – экстракорпоралдық ұрықтандыру саласындағы жасампаз жетістіктерді мысал ретінде келтіру жеткілікті, яғни заманауи медициналық практикадағы «in vitro» технологиясын айтамыз. «Тәңір ғажайыбы» деген ұғымды әзірше жоққа шығара немесе тиянақтай да алмаспыз, бірақ «тіршілік ұшқынына» қатысты біз нақты айтарымыз бар, тіпті ғылыми тұрғыда – биология һәм медицина ғылымдары мен практикасының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, соларға қоса кавитация – көпіршік-ату теориясы тұрғысынан негіздеуге дайынбыз.

 

1 Сперматозоид пен аналық ұрықтың шағылысуы                                       

   кавитациялық ұшқындар туындатумен жалғасады

«АҚШ еліндегі Солтүстік-Батыс Университетінің ғалымдары – сүтқоректілерінің сперматозоидтары мен аналық ұрықтарының шағылысуын бақылау үшін тәжірибелер жүргізді. Олардың байқағандары: бұл үрдіс аналық ұрықта толқындана пайда болып, жалғасатын «ұшқындаған жыпылықтаулар – жарқылдар» мырыш атомдарының лек-легімен қуатты шашырап шығарылуымен қатар жүретіндігін бейнекөріністер түрінде түсіріп алған (төменгі 1-ші, 2-ші суреттердегі бейнелеулерді қараңыз: Northwestern University [1])».

1-Сурет. Жарқылдаған фейерверктер: сперматозоид пен аналық ұрықтың кездесуі

(бейнекөрініс: Northwestern University [1]).

2-Сурет. Тышқанның жарқылдаған аналық ұрығы: қалташаларынан мырыш атомдарын

шашыратып шығарыуының алдында (бейнекөрініс: Northwestern University [1]).

 

«Осы зерттеу үшін арнайы әзірленген озық технологияларды қолдану бізге атом-молекулалық фейерверкті толығымен бейнекөрініске түсіріп алуға мүмкіндік берді. Ғалымдар мырыш атомдарының қай жерде пайда болатындығын анықтауға тырысты. Бөлшектер ұрықтың тікелей бет жағында шығарылғаны анықталды. Ұрық жасушасында 8 мыңға жуық “қалташалар” бар, олардың әрқайсысында миллионға жуық мырыш атомы болатын көрінеді» [1]. Авторлар – тәжірибе жасаушылар мен ғалымдар бұл үдерісті басқаша әрқалай түсіндіреді.

«Алдыңғы тәжірибелерде тышқандарды ғалымдар ұрықтандыру кезінде толқындатып шығару арқылы жасуша 60 миллиард мырыш атомынан 10 миллиард жоғалтады деп анықтады. Сондай-ақ, ұрық мырышсыз жетілуге толық ​​жете алмайтындығы белгілі болды. “Ұрық жасушасы алдымен мырыш атомдарын жинап, содан кейін оларды біртіндеп табысты дамып жетілу үшін, жыныстық ұрықтану және эмбриогенез басталуы үдерістерін дұрыс басқару үшін босатып отыратын болса керек. Жұмысымызда біз жасушаның трансформацияланып, жаңа организмге айналуын молекула деңгейінде түсінуге тырыстық”», - дейді Томас О'Халлоран (Thomas O'Halloran) [1].

«Шашырылатын мырыш бөлшектерінің саны ұрықтандырылған жасушалардың сапасы туралы маңызды көрсеткіш болуы әбден мүмкін. Егер жасушалардың жоғары сапалы екенін анықтай алсақ, онда эмбриондардың сапалығы алдын ала анықталады, ал бұл дегеніңіз – болашақ ұрпақтың ден-саулығы һәм өміршеңдігі», - делінген зерттеу қос-авторы Тереза К. Вудрафтың пікірінде (Teresa K. Woodruff) [1].

Тұжырымдама. Қалай болғанда да, бұл бүкіл үдеріс – кавитацияның – көпіршік-ату ерен құбылысының (КА-ЕҚ) жыныстық жасушалар арасындағы әсері; бұл мәлімдеме келесі факторлармен түсіндіріледі (тікелей және жанама):

- жыныстық ұрықтардың кездесуінің нәтижесі не осы кездесудің соңындағы әрекеттер:

-- біріншіден, люминесценция көпіршік-ату көрсеткіштерінің бірі болып табылады – КА-ЕҚ заңды жалғасы, өйткені көпіршік-ату кезінде пайда болған көпіршіктер жарылады – микро жарылыстар орын алады;

-- екіншіден, бұл микрожарылыстардың салдарынан температура көтеріледі;

-- үшіншіден, энергия өндіріледі, атап айтқанда, жылу – өмірге қажет энергия өндіріледі;

-- төртіншіден, атомдар мен/немесе мырыш иондарының “минижанартауы” атқылауы;

-- бесіншіден, дыбыстық дабылдау қосарланады (тәжірибешілер назар аудармаса керек немесе бұнда қолданылған құрылғы – APS синхротрон бұған бейімделмеген болуы да мүмкін);

- көпіршік-ату ерен құбылысының алдын алатын алғышарттар (жанама деп қабылдайық):

-- біріншіден, КА-ЕҚ ағымы үшін табиғатта сперматозойд секілді тірі ағзашада осмотикалық қысымнан бөлек қысым болуы керек, себебі ол АнЖЖ (аналық жыныс жасушаға) шабуылдайды, сонымен қатар күш, қуат және энергия оның шыққан көзінен даруы да заңды;

-- екіншіден, тиісті орта болуы керек – КА-ЕҚ орын алуы үшін белгілі бір жұмыс ортасы болуы тиіс, бұл шарт орындалатыны сөзсіз – ата-аналық жұптың жыныс мүшелерінің түйісуінің бастапқы нүктесі, осы мүшелер ішіндегі арналар, олармен АтЖЖ (аталық жыныс жасуша) АнЖЖ қарай тасқындап жылжиды және де бұл жасушалардың уақытша орналасуы мен көбейіп туындайтын орындары, соның бірінен АтЖЖ АнЖЖ қарай қозғалысын бастайды,  ал екіншісінде АнЖЖ оны күтіп алады – кездеседі һәм жұптасады, мінеки, жарқыл басталады;

-- үшіншіден, осы КА-ЕҚ іске қосылуына арнайы алғашқы түрткі болуы да шарт, бұның жайын қалыпты жағдай деп санауға болады – ұрпақ жалғастығы деген инстинкт итермелейді.

Анықтама. Көпіршік-ату (кавитация – cavitation) деп, белгілі бір алғышарттар орындалғанда, көпіршіктік құрылымдардың – қуыстардың арнайы бір субстанцияда пайда болып, мәжбүрлі түрде жарылып, содан күтулі және де күтпеген соңғы әрекеттердің туындауын айтамыз.

Кейде бұл құбылысты немесе үдерісті көпіршік-ату ерен құбылысы (КА-ЕҚ) немесе көпіршік-ату феномені (КАФ) деп те атаймыз.

Көпіршік-ату – өзіндік күшке һәм энергияға ие – олар көпіршік-ату күші (КАК) және көпіршік-ату энергиясы (КАЭ) делінеді.

Табиғатта көпіршік-ату энергиясын “еркін энергия” ретінде қабылдаған жөн болмақ, өйткені табиғи радиациямен қатар (Вернадскийдің пайымдауы бойынша), көпіршік-ату – энтропияның қисапсыз өсуін тежейтін ерекше құбылыс. Сондықтан да, табиғи көпіршік-ату күшін түбегейлі әсерлесу күштерінің (ТӘК) жетіспей тұрған кезектегі күші десек қателеспеспіз деген ойдамыз. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кетейік: табиғи радиациялық күшті де – ионданудың сәулелену күшін де осы ТӘК қатарына қосқан да дұрыс болады деген сенімдеміз; солай етсек, ТӘК құрамындағы күштер саны жетіге жетіп, табиғат пен адамзат тіршілігінде жеті санының киелілігі орныға түсіп, оның ерек сипаты айқындалары хақ.

Көпіршік-атудың ауадағы және судағы жарқын мысалдарын атап өткен жөн, олар мейлінше көп кездеседі және де тыңғылықты зерттеліп, адамдардың күнделікті тіршілігінде, жаңармалы технологияларда елеулі орын алуда  – деуге тұрарлық. Бір ғасыр бұрынғы кезеңдерде мамандар ортасында – кеме құрастырушылар мен гидро- және жылу электрстансалар тұрғызушылар арасында теріс пікір мен көзқарас туындатушы құбылыс болғанымен, өткен ғасырдың орта шенінен бастап, КА-ЕҚ пен КАФ деген терістер біртіндеп оң пікір мен көзқарасқа ауыса бастады. Оған осы XX ғасырдың 30-50-жылдарында, дәлірек айтсақ 1931-1934 һәм 1946-1947 жылдары кавитациялық Ранк-Хилш құбырының (РХҚ) пайда болып [4]-[14], соның негізінде арқандық-құйындық Ранк-Хилш (АҚК-РХҚ) технологиялық базалық  құрауышының құрастырылуы зор рөл атқарғандығын атап өткен жөн болмақ [4].

Ендігіде ары қарай талқылауларымызды жалғастыру үшін элементарлық бөлшектерге  ұқсас (ЭБ) көпіршік-атудан туындаған жаңа неологизм түрлері болып табылатын  «CAVITation»+«IONization» сөз жұбынан туындаған «cavition» – кавитион, қысқаша ci: ci1 –атом-нуклондық құрылымдар үшін, ci2 – молекулалық құрылымдар үшін, бұл екеуі микроәлем үдерістеріне арналған; кавитиондардың ci3 һәм ci4 түрлері – макроәлем үдерістеріне арналған: ci3 – макромолекулалармен байланысты үдерістерге, ал ci4 – көзбен көріп, бақылауға болатын үдерістерге арналған [5].

                                                                                                                               

1.1 Жаңғырған көпіршік-ату дүниелері ортасында сперматозойд

     пен аналық жыныс ұрығының шағылысуын қайта қарастыру

«Ұрықтану мезетінде аналық ұрық өзінің мыңдаған қалташаларын ашып, олардың әрқайсысынан миллиондаған мырыш атомдарын шашыратады. Сонан соң тыныштық орнайды.  Біраздан кейін жаңа “кавитациялық фейерверк” қайталанады да, қайта тыныштық орнайды. Міне осылай 4-5 рет осы үрдіс қайталанады» [1].

Бұл үдерісті біз миниатюрлік ci2-жанартау атқылауы, ал кавитиондар туындататын   “кавитациялық фейерверктерді” – миниатюрлік ci2-найзағай дер едік.

Мінеки, осындай ci2 түріндегі кавитиондық әсерлесулер нәтижесінде АтЖЖ мен АнЖЖ – жыныстық ұрықтар (ЖҰ) шағылысуынан бластоциста һәм трофэктодерма – эмбрион алды тірі ағзаның жасушалық құрылымдары қалыптасады.

3-Сурет. Жоғарыда трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 4-5

күндік бластоциста. Төменде осы жасушалық құрылымдар жатыр алды түтікшеде.

4-Сурет. Жоғарыда трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 6-7

күндік бластоциста жатыр қабырғасына жақындап келуі. Төменде осы жасушалық

8-9 күндік құрылымдар жатыр қабырғасына етене еніп, жайғасулары көрсетілген.

 

2 Бластоцист пен трофэктодерм кавитациялық түрлену

   үдерістерінің молекулалық механизмдік тетіктері …

Бұл бөлімде шетелдік авторлар Андрей Уотсон мен Лиза Баркрофттың (Andrew J. Watson & Lisa Barcroft [2]) жұмысына негізделген, шағылысқан жасушалық құрылымының дамуының бастапқы кезеңі талқыланады. Осы жұмыстың бір бөлімі «кавитация» сөзін қолданып аталады (2.1 бөлімін қараңыз!), сондықтан бұл жұмыс бізді қызықтырды. Бірақ-та, бұның авторларының бұл ұғымды қандай мағынада қолданғанын түсіне алмадық. Бәлкім, біздің ұйғаруымыз да солай, «кавитация» сөзін олар «көпіршік» деген сөздің антонимі ретінде қолданған болса керек. Андрей Уотсонмен хат алмасу арқылы бұл мәселені шешпек болып едік, бірақ бұл талпынысымыз бізге еш нәтиже берген жоқ. Қалай болғанда да, біз осы әріптестерімізге эмбриологияның мәселелеріне жасалып жатқан кавитация – көпіршік-ату теориясының тұрғысынан назар аударуға шабыттандырғанына ризашылығымызды білдіреміз, бірақ бұл эмбриология саласы «біздің жолымыз емес еді», дегенмен де, қазір біз осындамыз!»

 

2.1 Бластоцисттер – кавитациялар қалыптасуын реттеу

Талқыланып отырған аталмыш жұмыс негізінен жасушалық деңгейде метаболизм механизмдерін қарауға арналғандықтан, біз сондағы бірнеше сурет-сызбаны ұсынамыз [2]. Осы механизмдердің бірі – жұмыста “иондық сорғы” деп аталған иондар мен ферменттерді тасымалдаушылар. 5-Суретте сүтқоректілер эмбриондарының имплантациялау алды трофэктодерм трофобласттарындағы иондар мен ферменттердің тасымалдаушыларының экспрессияға ұшыраған көріністерін көреміз.

5-Сурет. Тышқан эмбриондарының имплантациялау алды трофэктодерм трофо-

бласттарындағы иондар мен ферменттердің тасымалдаушылары экспрессиясы.

 

Төменгі 6-суретте трофэктодерм жасушаларынан тұратын ішкі және сыртқы қабаттарындағы катенин һәм актин көмегімен ферменттермен зат алмасудың зонулдық механизмін бақылауға болады.

6-Сурет. Эпителиалық жасушалардағы zonula adherens (солда) және

zonula occludens (оңда) молекулалық полярлы бағытталып ұйымдасуы.

        

Ал 7-суретте байқайтынымыз – 1957 жылы химиядан 1997 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Йенс Скоу (Jens C. Skou [15]) ашқан өте көп тараған және аса маңызды Na+/K+-АТФаза – аденозинтрифосфаттық тасымалдаушы және зат алмастырушы механизм-тетігі.

7-Сурет. Аса маңызды механизм-тетік Na+/K+-АТФазаның құрылымы, сипаттамалары.

Тағы бір маңызды жасушалық деңгейдегі метаболизмді қалыпты жағдайда атқаруға септігін тигізетін  нәрсе – бластоцельді, яғни бластоцист жасушасының ішінде жинақталатын сұйықты қалыптастыру, оның негізгі құрамы әрине – су. Мінеки, сондықтан да, төменгі 8-суретте осы судың трофэктодерм жасушалық қабаттарынан өтіп жинақталуын көрсететін үш механизм-тетік бейнеленген.

8-Сурет. Биологиялық мембрана арқылы судың қозғалысына жауапты механизм-тетіктер.

Су әлбетте липидтік қосқабат арқылы i) жай диффузия арқылы, ii) ферменттер мен иондар дүркін-дүркін тасымалданатын қалыптасқан транспорттардың көмегімен, iii) мембранадағы экспрессиялық саңылаулар арқылы.

 

Жоғарыда айтылған метаболизм механизмдерінен белгілі бір мағынада кавитация – көпіршік-атудың рөлі туралы не айта аламыз? Ең алдымен, біз жұмыс авторларының [2], яғни, бластоцистті “кавитация” деп атап, пайдаланғанын ризашылықпен айтып өтуіміз керек. Әрине, олардың бластоцист-трофэктодерм жұптасқан ұғымы туралы: бластоцист жасушасы  трофэктодерм құрылымымен конвертше қапталған “көпіршік” деп қабылдаған тұжырымы онша дұрыс емес. Бірақ-та, белгілі детективтік кинода  айтылатындай – “шындық жақын жерде!” болды және де біз оны авторлардың соңғы мәлімдемесін пайдаланып ашамыз [2]:

- трофэктодерм кавитация – көпіршіктену оқиғаларын бастау және реттеу қабілетіне ие болады, бұл бластоцист қуысында жинақталатын бластоцелі ретінде сұйықты тасымалдауды және сақтауды жеңілдететін гендік өнімдерді қалыптастырады [2]; басқаша – біздіңше айтқанда, мұндағы бластоцист қуысында микро-жарылыс түріндегі кавитацияның негізгі ұғымы басты рөлді ойнайды, біз осы ойымызды түсіндірейік: гендік өнімге, оның ішінде су қоспасына мембрана арқылы ағып өтіп кетудің ең қарапайым және оңай жолы, оның рөлі тропеоктодерм жасушаларының қабаттарымен ауаның көп мөлшері бар газ көпіршіктерінің қалыптасуы; көпіршіктер екі жағынан мембранаға жабысып, кез-келген мүмкіндікте осмотикалық қысымның әсерінен айтылғандай жарылып, бұл көпіршіктерден мембрананың саңылаулары арқылы гендік заттар қарама-қарсы жаққа өтеді, осылайша бластоцисттің қуысына да керек заттар енеді; негізінен түрлі химиялық элементтердің (ХЭ) иондары мен тұздары, ферменттері және көпіршіктердің қабықшасын құрайтын су қоспасынан тұратын өнімдер де бар, мұнда біз тек газ тәріздес ортаға көпіршіктердің пайда болу мүмкіндіктерін де қабылдаймыз, яғни жоққа шығармаймыз (Ranque-Hilsch – Ранк-Хилш құбыры IHS – ИЖЖ – интенсивті жылыту технологиясының базалық элементі болып табылады, міне осы құбырдағы ауа ортасында көпіршіктердің қарқынды қалыптаса алатындығын алға тартамыз [6]); бұл кавитация – көпіршік-ату үдерісінің күші мен қуатының арқасында жаңадан пайда болатын жасушалар – бластоцисттер – болашақ эмбриондық жасушалар үшін қажетті температуралық және энергетикалық әсерлер мен алғышарттар пайда болады; демек, эмбрион алды кезеңінде гендік өнім қалыптасуы, энергия мен температуралық  өзін-өзі реттеу және гомоиотермия осы КА-ЕҚ құбылысынан бастау алатынға ұқсайды, олай емес – деуге қандай да бір себеп – жоқ;

- бұл кавитацияның, яки көпіршіктердің пайда болуын білдіреді, эмбрион полярлық эпителийдің дамуына сүйенеді; бластоцель сұйықтығы негізінен су болып табылады, сондықтан оны өндіру және жинақтау механизмі трофэктодермнің иондық тасымалдау қасиеттеріне байланысты; сондықтан да авторлар бластоцистті кавитация деп атайды [2]; енді осыны біздіңше түсіндірейік: бластоцель – эпителийдің заттық поляризациясы электрлі зарядталғандықтан туындайды, өйткені мембрананың екінші жағындағы сыртқы орта  жоғарыда түсіндірілгендей, “-” болып зарядталған, ал бластоцельдің заттары “+” болып зарядталғандығын Na+/K+-АТФаза әрекетінен-ақ білеміз, сонымен мембрананың айналасында электрлік әсер пайда болады да, міне осы әлі де зат алмасуларға алғышарт болады, ал бұл жағдай жоғарыда талқыланған кавитация – көпіршік-ату үдерісінің пайда болуына ықпал етеді – импульс береді, мінеки, бұл трофэктодерм жасушаларының қабаттары арқылы бір тынбастан зат алмасуларды ci2 түріндегі кавитиондық сорғылау арқылы атқаруды қамтамасыз етпек;

- трофэктодерм – бұл эпителий жасушаларының дифференциациясы үшін мінсіз үлгі, өйткені бұл эпителий аполярлы бластомерлерден «de novo» әдісімен пайда болады [2]; мұнда біз талқыланып отырған жұмыстың авторларының перспективасын айқындауға тиіспіз; болашақ эмбриондық жасушаларды саралау үшін дифференциациялық өзгерістердің алғышарттарды қалыптастырудағы рөлі – бұл болашақ ағзаның тірі жасушасына – бластоцистті биотаға айналдыру үшін өте маңызды екендігінде және де бұл түсіндіруде кавитация – көпіршік-ату механизмі қаншалықты маңызды болмақ; біз тағы бір жалпы ескерту жасағымыз келеді: аталмыш жұмыстың жалпы «кавитация» деп жазған бөліміндегі ойлар туралы деректерге толықтырулар мен түсіндірмелер енгізуге тиіспіз [2]; егер біз осы тұжырымдаманы біздің алдыңғы бөлімге сүйеніп анықтайтын болсақ, онда біз кавитацияның туынды неологизмі болып табылатын «кавитион» ұғымының алатын орнын – нүктелерін нақтылауымыз керек, өйткені осы бөлімде қарастырылған кавитация үдерістеріндегі көпіршікті құрылымдар атомдардан, иондардан және ферменттер секілді шағын молекулалық элементтерден қалыптасады, олар ci2 түрлі кавитиондық қуыстар ретінде түсіндірілуі керек; осылайша, blastocyst-trophectoderm жұптық тұжырымының метаболизмдік механизм-тетігі жоғарыда түсіндіргеніміздей, ci2 түрлі кавитион көмегімен жүзеге асырылады екен, сондықтан да, осы жұптың зат алмасуын білдіретін «жасушаның кавитиондық нобайы» туралы айтуға болады, ал жасуша деңгейіндегі метаболизм «кавитиондық сорғы» арқылы жүзеге асырылады.

Осы жаңа ұғымдардың сипатын неғұрлым түсінікті ету үшін аталмыш жұмысқа тағы ауысайық [2], соған байланысты біздің ескертулеріміздің маңызды мәселелерін атап өтейік:

- Na+/K+-АТФаза әрекеті нәтижесінде жасуша калийдің жоғары концентрациясын сақтайды; жасуша мембранасы калий K+иондарын өткізуге өте қабілетті болғандықтан, осы калийдің K- теріс зарядтық иондарын жасуша мембранасының өткізбейтін қабілетінен іште қалдырады; сондықтан клетка мембранасының ішкі бөлігі сыртқыға қарағанда электрлік теріс зарядты болады, басқаша айтқанда, калий атомдары “+” және “-” иондарына ыдырайды, “-” иондар жасушаның ішкі бөлігінде қалады және “+” калий иондары мембрана арқылы шығып кетеді; бірақ бұл үдерістер кавитация – көпіршік-атудың ашық тәсілдері және сансыз ci2 түрлі кавитиондардың қалыптасуы, жарылып жойылулары арқылы жүреді, сырттай қарағанда, барлық көріністерді «ион сорғысының» әрекеті ретінде қабылдауға да болады, десек-тағы біздің түзетулерімізді ескерсек, «кавитиондық сорғының» арқасында соның бәрі атқарылады;

- жоғарыда айтылғандай, 1957 жылы Йенс С. Скоу ATФaза деп атаған Na, K иондары белсенділігі жайлы бірінші мақаланы жариялады: екінші жағынан, Na+/K+-АТФаза ретінде, аденозинтрифосфат ферменті синтезделіп, мақсатты – полярлы бағытталған заттардың жасушалық мембрана арқылы тасымалдануы – барлық тірі жасушалардың негізгі қасиеті; содан бері көптеген ферменттеулердің ATФ-синтаза – аденозинтрифосфат синтезіне ұқсас функциялар түрінде атқарылатындығы көрсетілді [15].

Тағы бір тілге тиек етуге тұрарлық еңбек ше елдік маман Лин М. Вилейдің (Lynn M. Wiley: [3]) туындысы. Оның тіпті тақырыбы «кавитация» сөзінен басталады, бірақ аңдатпасына қарап, байқасақ, оның да осы сөзге қатысты негізгі мән-мағынасы жоғарыда талқыланған еңбекке жақын келеді [2]! Бұл туындының аты мығым болғанымен, қолға түспейтіндей жасырып қойыпты, сондықтан да, ол туралы мардымды пікір айта алмаймыз, дегенмен де, сол сарын [2].

Ескертпе. Біздің авторлығымызбен жарияланған мына еңбекте неологизм «кавитион» терминінен бұрынырақ «кавитон» деп алылған еді [5], бірақ Интернетті қарай отырып, ол дұрыс болмайтынын түсініп, «кавитион» сөзіне тоқтауды жөн көрдік және де осы сөз бұл неологизмнің мән-мағынасын толығырақ һәм дәлірек беретініне көзіміз жетті ([16] қараңыз!).

Қорытынды: Мұның бәрі жасушалық құрылымдарда кавитация – көпіршік-атудың әсері – ион-молекулалық ci2 түріндегі кавитиондардың қалыптасу, жарылу феномені: жасуша мембранасының саңылауы арқылы Na+ не K+немесе басқа иондардың өтуі сол мембрананаң екі жағында микро-көпіршіктердің пайда болып, қысыммен жарылулары немесе су ортасында басқа иондардың ыдырауы салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, иондану үдерістерінің өзі де кавитация – көпіршік-ату арқылы кавитиондық КА-ЕҚ түрінде атқарылып, орын алады!

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ася Горина. «Встреча сперматозоида и яйцеклетки сопровождается выбрасыванием искр» (статья). https://nauka.vesti.ru/article/1041760

2. Andrew J. Watson and Lisa C Barcroft. Regulation of blastocyst formation. Frontiers in Bioscience 6, d708-730, May 1, 2001.

3. Lynn M. Wiley. Cavitation in the mouse preimplantation embryo: Na/K-ATPase and the origin of the nascent blastocoelic fluid. Developmental Biology, 105, 330-342 (1984).

4. D.A. AUBAKIR, B.S. Manabaev, Y.D. AZEN. Mathematic preludes to ″Maxwell Demon″ phenomenon// Abstracts of the Third Congress of the World Mathematical Society of Turkic Countries. Volume 1. Almaty: Al-Farabi KazNU, 2009. 180 p.

5. D.A. Aubakir, Y.D. Azen. “Caviton” - a fundamental quantum-source of cavitation’s Force and alternative Energy. 09 сентября 2018, 14:23 Внёс в Блог Портала: https://massaget.kz/blogs/24954/

6. Daurenbek AUBAKIR. Getting free heat energy based on cavitation and nuclear fusion according Revinov's pilot plants. Journal of Physical Science and Application. Vol. 6, Number 3, March 2016, David Publishing Company, 616 Corporate Way, Suite 2-4876 Valley, Collage, New York 10989, USA. P. 44-54.

7.  D.A. AUBAKIR, et al. Cavitation, as a synergetic effect and a philosophical category of natural-artificial nature. Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time (7-9, March, 2017, Osaka, Japan): materials of the II international scientific-practical conference. In 3 volumes. V.II. Osaka, Japan: Regional Academy of Management, 2017. 263-270 p.

8. D.A. Aubakir, et al. Vortex cavitation Effect, its role in innoative power system. // Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time (7-9, March, 2017, Osaka, Japan): materials of the II international scientific-practical conference. In 3 volumes. V.I. Osaka, Japan: Regional Academy of Management, 2017. 358-365 p.

9. Daurenbek AUBAKIR, et al. The cavitation as a tornado-phenomena in the nature and as a source of energy in the modern technologies. Energy of the Future: innovative sceneries and methods of their implementation: World Scientists and Engineering Congress WSEC-2017 (June 19-20, 2017, Astana). V. 4. Almaty, 2017. P. 209-212.

10. Daurenbek AUBAKIR. Harmony - an inexhaustible source of life and perpetual motion machine intelligence. (Monography) / Ed. J.Smirnov. Palmarium Academic Publishing is a trademark of Omni Scriptum GmbH & co. ISBN 978-3-659-60170-5. 2015. Germany. 220 p.

11. Дәуренбек Әзенұлы ӘУБӘКІР, Ерабылай Дәуренбекұлы ӘЗЕН, Кенжебек Азенович Аубакиров. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК: № 2296 күні 10.10.2017. ИС 009992: «Көпіршік-ату – табиғаттағы еркін энергия көзі болып табылады. шар-найзағай – көпіршік-атудың тікелей қатысуымен пайда болады, түзіледі және өзтүйткілденеді: қозғалады, бар болады, жоғалады». Осы жаңалықтан салдарлар: «Жанартау атқылауының, найзағай мен күн күркіреуінің пайда болуының, торнадо мен дүлей құйынның, тайфун мен циклонның тағы да сол сияқты дүлей, жойқын құбылыстардың табиғи себепшісі, түйткілі де сол көпіршік-ату болады.».

«Кавитация – источник свободной энергии в природе. шаровая  молния – порождается непосредственным участием кавитации, становится, самоорганизуется: самодвижется, существует и исчезает, кавитируясь». Следствия из данного открытия: «Причиной и возбуждающей силой извержения вулкана, возникновения молнии и грома, торнадо и вихревой воронки, тайфуна и циклона, а также подобных крайне пагубных природных явлений является кавитация.».

12. Д.А. Аубакир, Е.Д. Азен. Углубление исследований явления кавитации, превращая её в научную категорию. Особенности бытия кавитионов. 02 марта 2018, 12:49 Внёс в Блог Портала: https://massaget.kz/blogs/baykau/25434/

13. Д.А. Аубакир, Е.Д. Азен. Обновлённое толкование явления электричества с позиций технологии кавитации// Материалы Республиканской научно-практической конференции, посвящённой 80-летию академика НАН РК, профессора, лауреата Государственной премии РК М. САБИТА, приуроченной претворению в жизнь программы Президента РК Н.Назарбаева «Болашаққа бағдар Рухани жанғыру». Павлодар: ПГУ, 2018. 139-145 с. 

14. Д.А. Аубакир, Е.Д. Азен. Обновлённое толкование явления магнетизма с позиций технологии кавитации// Материалы Республиканской научно-практической конференции, посвящённой 80-летию академика НАН РК, проф., лауреата Государственной премии РК Мурата САБИТА, приуроченной претворению в жизнь программы Президента РК Н.Назарбаева «Болашаққа бағдар Рухани жанғыру». Павлодар: ПГУ, 2018. 134-139 с.

15. Paul D. Boyer, John E. Walker and Jens C. Skou. ATP – the universal energy carrier in the living cell. atp synthase – an exceptional molecular machine. (Nobel Prize in Chemistry 1997). MLA style: The Nobel Prize in Chemistry 1997. NobelPrize.org. Nobel Media AB 2019. Sun. 7 Apr 2019.

16. Дауренбек А. АУБАКИР, Ерабылай Д. АЗЕН. Кавитационная природа механизма метаболизма на клеточном уровне, начиная с встречи яйцеклеток и зарождения бластоцисты предэмбриональной стадии. 05 мая 2019, 17:49 Внёс в Блог Портала: https://massaget.kz/blogs/25606/



Бөлісу: