Мешіт - Алланың үйі

Мешіт - Алланың үйі
жеке
блог

Мешіт - (араб.: مسجد‎  мәсжид — «сәжде ететін жер») Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат.

Егер мешітке үнемі келетін кісіні көрсеңіздер, оның иманды екеніне куә болыңыздар. Алла тағала: расында Алланың мешіттерін Аллаға иман еткен және ақырет күніне сенгендер тұрғызады», - деген. (Термизи риуаяты)

Қазірде біз Алланың екінші үйі мешітке барып жүрміз бе? Жоқ олай емес. Күн шықса өмірдің күйбен қамымен жүреміз кеш батысымен жылы төсегімізге жата қаламыз. Өзің үшін істейтін жұмысты үйдегі жақындарымызға міндет қыламыз. Жұмыстан қол босағанда бірден кезекке тұрып  киноға, дүкендерге, тауға шығып демалдым, шаршағаным басылды деп жаныңыз жай тапқандай болады. Ал бұл бес күндік өмірдің қалай зымырап өтіп жатқанын сезбейсің. Бүгін бар адам ертең жоққа айналады. Сенің кезегің келер-ау деген ой жоқ па санаңда. Бір сәтте адамға берген жанды Алламыз қайта өзіне алады. Бұл өмір тек сынақтардан ғана тұратынын сен ойланып көрдің бе?

......