Мерейлі мекен – ҚазҰУ

Мерейлі мекен – ҚазҰУ
жеке
блог

Қазақ ұлттық университеті - ұлы елдің, текті ұлттың жетекші оқу орны. 1934 жылы құрылған қара шаңырақ осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар мен жазушыларды дайындап, білім нәрімен сусындатты.Бүгінгі таңда ҚазҰУ түлектері белгілі академиктер, сонымен қатар көптеген министрлер, әкімдер, топ-менеджерлер, парламент мүшелері және тағы басқа мамандық иелері.

Нобель сыйлығының лауреаттары - Джон Форбс Нэш, Фин Э. Кидланд, Роджер Д. Корнберг, Кристофер Писаридс және Мюррей Гелл-Манн секілді әлемге танымал ғалымдар ҚазҰУ студенттеріне бірқатар дәрістер оқыды. 85 жылдық тарихи бар университет, қазіргі кезде 37 мамандық бойынша кадрларды даярлайтын жоғары оқу орнынажәне ғылыми-зерттеу орталығына айнала білді.Университет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері» сыйлығының бірінші лауреаты болды.

       КазҰУ -дың студенттер қалашығы, әр студентке жақсы жағдай жасаған. Студенттер үйінде жылы атмосфера мен үйдегі жағдайды кездестіруге болады. Универстетке шетелден көп студенттер де келіп оқиды. 

      Университет – өмірдегі барлық салаларда,инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ететін қоғамдағы прогрессивті, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістердің драйвері болып табылады. 

Бүгін де универстет QS World University Rankings Results 2019 және Top Universities көрсетілген деректер бойынша 207 орынды иеленедіӘлемнің екінші ұстазына айналған ойшыл әл-Фарабидің есімі берілген осы университет қазіргі уақытта, әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі және түркіәлеміндегі лидер жоғары оқу орны болып саналады.Алдағы уақытта түркі халықтары арасындағы, мәдени және ғылыми интеграцияны нығайтуға, өз үлесін косуға және әлем университеттері арасында өзінін көкбасшылығын сақтайтындығына  сеніміміз мол.

 

       Жетекші: Г.Б. Мадиева

Магистрант: У.З. Эфендиева