Анашым! Мерекеңізбен! Бұл құттықтау негізінен 8 наурызда айтылатын. Ал мен бұл сөзді бүгін де айттым анама. Менің анамның кім екенін біліп отырсыздар ғой) Иәә, күн-түн демей календарный планын жазатын, 6 сағат бойы неше түрлі баланың қылығын түсіністікпен көтеретін, көптеген баланың екінші анасы атанған мұғалім менің мамам. Анама құттықтау постын жазып отырып (мейлі, мамам оқымаса да), көзіме жас келді(сығып,сығып алдым:-)). Анамды сағыныппын, тек анамды ғана емес, папамды, бауырларымды...Катямның майлы, қою айраны мен сүтін... Аман болыңыздар, ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар! Білімді оқушыларыңыз көп болсын! Ізгі ниетпен: __ҚАЗАҚТЫҢ ЕРКЕСІ__
П.С.: Осы атқа лайық болуға тырысып жүрмін)) Иншалла! Көптен бері жазбай жүр едім, қалай жазуды да, не жазуды да ұмытып қалыппын ғой. Минустарым болса, айып етпессіздер))..