Әлемдегі барлық жақсылық атаулы – күннiң нұры мен АНАНЫҢ ақ сүтiнен жаралған. Адам – адам болғалы бері ізгіліктің, берекенің, бірліктің ұйытқысы бола білген АНАҒА қандай мақтау айтсақ та жарасады. АНА махаббатының теңеуін тілмен жеткізіп айту әсте мүмкін емес. Ақылымен елді аузына қаратып, тәрбиелі де үлгілі ұрпақ таратып, аты аңызға айналған, адалдығынан әулие деген атақ тағылған ару ҚЫЗДАРЫМЫЗ бен қасиетті АНАЛАРЫМЫЗ көп болған қазақта. Ұлын ұлағатты, қызын парасатты қылып тәрбиелеп, адамгершіліктің ең жоғарғы сатысына самғай білген асыл да ардақты АНАЛАРЫМЫЗ бен осы бағытты ұстанған болашақта АНА болатын бүгінгі АРУЛАРЫМЫЗДЫ көктемнiң шуақты да нұрлы, шапағаты мен ризығы тасыған, құт-берекесi дархан халықаралық әйелдер күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! Ерлердің сіздерге деген құрметі, сүйіспеншілігі һәм махаббаты тек бір ғана күнмен шектелмей, мәңгілікке жалғаса берсінші!!!