Қымбатты, Массагеттік арулар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бақыт, шынайы махаббат тілеймін!
Және тілей отырып мәзір ұсынамын. Салат "8 наурыз"
Алла атымен бастаймыз, тазалықты сақтаймыз.
Бізге керектілер: краб таяқшасы - 200 гр, сыр (кез келген) - 100 гр, піскен екі жұмыртқа (тауықтың), майонез, консервідегі жүгері, піскен күріш:
Краб таяқшалары мен жұмыртқаны, сырды ірі көзді үккіштен өткіземіз. Күрішті саламыз:
Майонез сап араластырамыз:
Енді салатымызды 8 санына үйлестіру үшін улкен және кіші екі стакан аламыз да жәйпек тәрелкенің бетіне төңкеріп орналастырып, салатты саламыз. Пішінге келтірген соң, стаканды жәймен аламыз. Бетіне консервідегі жүгерілерді біркелкі етіп орналастырып, көкпен сәндейміз:
Сурет сапасыздығы үшін кешірім сұрай отырып, баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! Жүздеріңізден қуаныш, жүректеріңізден нұр төгіле берсін! Әрдайым бақытқа бөлене жүріп, езулеріңізден күлкі кетпеуін тілеймін)))
Көтеріліп көктемдей көңіліңіз,
Қуаныштың нұрына шомылыңыз.
Қайта оянған тіршілік секілденіп,
Гүл жайнасын құлпырып өміріңіз!
Пы/сы: рецептін ВКдан алдым)))