Мереке құтты болсын, қадірлі әріптестер!

Ассалаумағалейкум, бауырлар!

Бүгін қалың жамағатты әр түрлі хабарлармен құлақтандыратын әріптестерімнің төл мерекесі! Журналистика сияқты қызығы мен шыжығы қатар жүретін кәделі кәсіптің етегін ұстаған әріптестерімнің жұмысына табыс, жанұяларына амандық пен қуаныш тілеймін. 

Журналисттер қауымын әріптестер дейтіндей жөнім бар. Себебі, мен әншілікпен қатар, өзімді радио, телевидение жүргізушісі ретінде де сынап, республикалық арналарда хабарлар жүргізіп келемін. Бұл саланың қаншалық қиын әрі кәделі екенін білемін. Сондықтан да, әріптестеріме шыдамдылық тілеймін. 

Көптеген әріптестерімді, өкінішке орай, дәл бүгін жеке-жеке құттықтауға мүмкіндік болмай тұр. Дәл қазір мен Касспий теңізінің арғы жағында мен мұндалап тұрған Баку қаласындамын. Бұл жақта халықаралық жастар форумы өтуде. 

Әрдайым жақсы жаңалықтардың жаршысы болыңыздар, әріптестер!

Ізгі ниеттпен, Нұрлан Албан



Бөлісу: