Бүгін - Дүниежүзілік телевидение күні!
1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірінші мәрте Дүниежүзілік телевизиялық форум өткізіп, оның есте қалдыру мақсатында 1998 жылы қарашаның 21-жұлдызын Дүниежүзілік телевидение күні деп жариялаған болатын. Міне, ол кезден бастап әлем бойынша бұл күн телевизия саласында аянбай тер төгіп келе жатқан жандардың мерекесі болып есептеледі.
Телевидение - өте қызықты әрі қиындығы мол әлем. Бұл әлем көгілдір экранның ар жағында отырған көрерменге есті хабар жеткізіп, қызықты ақпарат береді. БАҚ арасындағы ең танымал сала саналатын телевидениенің төл мерекесі құтты болсын дей отырып, телевизия саласындағы барлық әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Ізгі ниетпен, СТВ арнасының ұжымы