Меніңде атар бір таңым.

Меніңде атар бір күнім,

Елдердің аткан күнімен,

Жарқырап жанып таласып.

Мен енді жаздым өзімше,

Өлеңмен сәл сәл бал ашып.

Махаббатты айтам, 

Олда бір жатқан қалашық.

Ызғары да бар,

Жылы лебі де бар,

Жыр өлеңі де бар,

Барлығы толық уайымсыз.

Жүретіндей бір өздерінше мәңгі шарап ішіп.

Ай бырақ олай болмайды,

Бақытта бала тәбетті.

Әр кімге бірдей бармайды,

Біреуге жағып, ал біреулерді алдайды.

Біреуге мәңгі, ал біреуде мүлдем қалмайды.

Алланың жазған тағдыры.

 

Ал енді менің махаббатыма қарағыз,

Күнде атады одан, 

Батпайды тұрар ғасырлап,

Махаббатымның бар ғой,

Табиғаты тұрар жасылдап.

Гүлдерін айтшы,

Қош исін тұрар төгумен,

Құстары сайраң салады толып көгімнен.

Елігі, марал, бұғысы бәрі сиятын,

Бәрі де бәрі мейіріммен ғана тиятын.

Сөз шіркін кедей айтатын көп еді әліде,

Мен салған осы қалашығыма пәлі де.

Сендеде болсын дәл менікіндей қалашық,

Жаманды итер жақсыға қол бер кәні де.



Бөлісу: