Менің тыңдайтындарым :)

Менің тыңдайтындарым :)
жеке
блог

Бәріңе Прива!

Айкона, эстафетаны беріп еді, уақыттың тығыздығына байланысты, қазір ғана жазып отырмын, кешірім өтінемін, кешіктіргеніме.

Әнді өз басым, кез/келген жерде, не болмаса арнайы тыңдай беремін, тек сапасы нашар, жай жазыла салған дүниелерді(той әндерін) тыңдай алмаймын, және қазіргі жастар сүйіп тыңдайтын, мұңлы әндер айтатын Ғалібек дей ме, Қайрат Нұртас дейме, білмеймін шығармашылықтарымен таныс емес екенмін. Талғамға талас жоқ, бірақ кейде, жаңаша бағытта ізденіспен туындаған әндерге көңіл бөлемін. Соңғы батыс үлгісіне еліктеп түсірілген Заза атаумен бір қыздың клипін көріп қалдым норма сияқты. Орда, Ринго, Мадулардың клиптері/әндері ұнайды.

Былай өзіме кейде таңқаламын, елдер айтып жатады ғо, тек рокты, тек классиканы тыңдаймын деп. Менде ондай шектеу жоқ, кез/келгенін ішіме жібере саламын))). Тек ауыр роктарды тыңдамайтыным рас ;)

Әнмен, менің өмірімді бөлшектеп аршып алсаң болады, тап сол кездегі әуенмен қалып қояды есте))) Мысалы, Руки Вверх ті қазір естісем, мектептегі 13-14 жасым көз алдыма келеді, мәз болып айқай/шу))))

15-16 жастарда, мектепте ТАТУды тыңдап, ыңылдап ән саған кездерде болған))) тап 1997-98 жылдары, тату хит еді ғо естеріңде ме?)))) я сошла сума деген әнмен)))) құдай/ау бүйткен қалаң құрсын сұмдық қо мынау не ән? деген коментте естігем ауылдан келген, үлкен апайымнан))))) ол дәуренде өтеді екен))) мүмкін әлгі әншілерде жоғарғыда мен айтқан, өз ортасын тапқан шығар ;)

О бастан, жылайтын, аурасы ауыр әндерге әуес емеспін))) табиғатым солай. Бірақ, классика болып кеткен әуендерге зер саламын.

Онан кейін универ кездегі Пола Морианың "Бабье лето"сынан бүт классика арнайы күйтабақ(патефон) тыңдау бақытына ие болған жанмын, анау/мынау емес, арнайы 70жж. Заказбен алынған оркестрмен жазылған әуендер.

Ес біліп жұмыс істеп, оңды/солымды тани бастағанда: қазақ дәстүрлі әндері, халық әндері, лирикалық, күйлер т.б. сүйіп тыңдайтын халге жеттім. Қазақтын шыққан кереметтер қаныммен келіп, санамды жаулап алса керек. Ұлытау, Музарт, Ескендір Хасанғаливтердің менің жүрегімде алар орын ерекше.

Бірда басқа форумда Ескендір Хасанғаливті сүйіп тыңдайтынымды айтып, және қатты адам ретінде МЕН/менің мамкам сүйетінін айтып едім. Бір бала маған «атайфил» деген атау қойды))) құдай/ау қазақ кең ғой, тап осындай тұлғаларды өмірге алып келген. Ғашық болса несі айып?

Сосын патриоттық күш жігер беретін ел/жер әндер ұнайды, өскен сайын, халқыңды сүйу, салт/дәстүрге басыңды иу т.б.

Шетелдік әуендердеді де тыңдаймын. Әзірге К-РОРтан бас алмай жүрмін. Батысқа еліктеушілік көп, бірақ грамотно көшіре біледі нақ. әйтпесе, корея халқыныңда дәстүрлі әуендері ешкімнен кем емес.

әзірге сол, есіме көп нәрсе түспей тұр, ато бар ғо))) мен жазсам, тура 12 беттік болып кетер, доғарайын)))))

сәлеммен өздеріңнің моп/момақан монтиларың ;)

Эстафета таяқшасын, осы сайттың тек форумында жүретін сұлу қыз, Калдикке(Зизи) бердім!