Менің түнім

                                       Менің түнім

(1)

Қозғалысқа түсті тағы мұң арбам,

Бардай,сірә, айтылатын бір өкпем.

Қара Түнім қара өлеңді шығарған,

Кеудемдегі  лүпілдеген жүректен.

 

Жалғыз  қалып, ойға батып, алсам дем,

Жыр орманға кірген кез ед бұл сәтім.

Түн үстінде өлең жазбай қалсам мен,

Қабақ қысып Ай мен Жұлдыз ұрсатын.

 

Қамап алған ақын  ұлды түрме Түн,

Осы сәтім-ұяңдықты жияр шақ.

Қызанақтай қып-қызыл боп тұр бетім,

Ия, менің ерке жырым-ұялшақ.

 

Жанарына келді жердің жасы айқын,

Бұл көрініс алып келер -дүр арман.

Тыныштықтан ғажайыпты жасайтын,

Менің түнім- қиялдардан құралған.

 

Маған  қалай  тылсым кештің сөзі өтпек?

Уысымда ұя салса ұлық Таң.

Ұйқы сорлы безіп кеткен, безектеп,

Сондықтан да түс көруді ұмытқам.

 

Кезіп жүрер көз алдымды Түн ызғын,

Кеңістіктен алғаннан соң  кең дерек.

Мың жұлдыздың тізбегінен мұң үздім,

...Оны өлеңге айналдырам,  мен демек.

..............................................................................

 (2)  

Түн әлемі.

Тартады  сыр  мекенге, сірә, мені,

Тұңғиық ойлар кезіп айналамда,

Тыныш қырдың  барады ұнап  өңі.

 

Дала думан.

Дарабоз Түн  балауса  салды ма ән?

Дархандықты  даралап ,  дәріптеген,

Дүбірі көп бұл кеште қаланы  ұғам.

 

Қаранғылық.

Қаламайды  кербез Түн жаман қылық.

Қарашығын бұрмалап  көз қадайды,

Қаңғыбас  Ай мен Жұлдыз  маған  күліп.

 

Сергек қырат.

Серке Түнім шақырып  «кел» деп тұрад,

Сағынышты серік қып сәби сезім ,

Сетінеген жүректе шер боп тұнад.

 

Мұң мекені.

Маңғаз жердің жайылар түнде етегі.

Майысқақ  жел мазалап  мезі қылды,

Мұндай  сәттер басымнан күнде өтеді.

 

Кеш ырғағы.

Керім ақын, Аспан, Жер-кесір бәрі.

Көмейінен ағылып,  мына Түннің,

Көпке жетпей шарасыз  кесілді әні.

....................................................................................

 (3)

Қош келдің тағы маған,  ғайып Түнім,

Құпиямды айтайын  жайып  бүгін.

Тынышыңды түрткілеп, мазаласам,

...Айыптымын.

 

Қаламымнан  шығарып  қаймақ өлең,

Талай  қызық көрсетпек  Айдағы өрен.

Құдіретің жетсе егер, әлсіреген-

...Ойға бер  ем.

 

Жазым-жазық, күз-теңіз, қысым-кеме,

Түн деген бұл- шежіре, мүсін көне.

Егер де мен  аспанға жыр оқысам,

Тс-с-с...Үндеме.

 

Түн, сенің құдіретіңе бар ма шүбә?

Күтіп отқан  мен емес таңды асыға

Дәл мендей сенде мені қимай жатсаң.

...Жағама жармасып ал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: