Менің тастар коллекциям (байқауға)
блог
Әлемде көп балалар өзіне ұнайтын нәрселерді жинап жүреді. Оны коллекция деп атайды. Мысалы, бір балалар Тедди қонжығын жинаса, бір балалар Барби қуыршағын жинайды. Бір балалар динозаврдың кішкене мүсіндерін жинайды. Әлемде маркалар мен әр түрлі елдің ақшасын жинайтын ересек адамдар да көп. Және олар өте қымбат.
Олар неге коллекция жинайды? Өйткені, коллекция жинау арқылы қуанасың. Ала алмай жүрген нәрсеңді алғанда қатты қуанасың және олардың көп болғанына қарап отырып қуанатын боласың. Сол туралы қызық кітаптар оқисың. Сондай коллекциясы бар адамдармен дос боласың. Бұл өте жақсы нәрсе.
Мен бұл блогымда өзімнің сүйікті хоббиім туралы жазбақпын. Менің хоббиімның аты бағалы тастар жинау. Менің коллекциям аса көп емес, жиырмадай тасым бар. Өйткені, тастарды сатып алу қымбат тұрады. Мен алдағы уақытта тағы да жинап, әлемдегі ең бай бағалы тас коллекционері болсам деймін.
Мен ойыншық коллекция жинауға қарсымын. Өйткені олар бағалы емес. Мен сондықтан тек асыл тастар жинаймын. Тастар - таудардан алынады және кейде ағаш секілді заттар да мыңдаған жылдардан кейін тастарға айналады. Жанартау атқылағаннан соң да өте әдемі тастар пайда болады. Тастар - сырға, моншақтарда қолданылады. Тастар - денсаулыққа да пайдалы.
Суретте, менің коллекциямда қара көк түсті опал, сары түсті саппир, көгілдір агат, піспеген изумруд, аквамарин, аметист, цитрайн, топаз, түссіз александрит және бірнеше тас бар. Жазғы дамалысымда осы тастардың жартысын сатып алып және олар туралы оқып, көп нәрсе үйрендім.