Менің таңдауым – Тұран
блог
Мектеп табалдырығын тәмәмдап, үлкен болашаққа бағдар жасап, адам болып қалыптасуымызды ойлап, үлкен армандарға қарай қанат қағып, қаншама белестерді бағындырамыз деп, бар күш – жігерімізді жинап, жоғарғы оқу орнына келеміз. Оған қоса ата – ана үміті де бар. Қаладағы көптеген менмен деген, іргелі, беделді де белгілі оқу орындары алдымызда бой көрсетіп тұрса-дағы, амалсыздан біліміміздің белесінен аса алмай қаламыз. Сайып келгенде, асыл сөзді маржандай тізіп, сөздің жілігін шағып, майын ішуді арман етіп, жан дүнием журналист болуды қалады. Әрине, сол үшін тағдырымның тар маңдайыма тарқан тартуыма, таңдауым «Тұран» университеті болды. «Тұран университетінің ұстанымы – баршаға арналған университет» дегеннен соң да, жаныма жылылық сезіліп, өзіне баурап үлгерді. Журналист мамандығына деген құштарлығым одан сайын артқандай болды.
Бұл білім ордасында жоғарғы дәрежедегі мамандар жұмыс жасап, жас жеткіншектердің дамуы мен қалыптасуына бір кісідей ат салысады. 2015 жылдан бастап – 2019 жылға дейінгі статистикаға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Тұран университетінен түлеп ұшқан студенттердің 94% пайызы 6 ай ішінде өздерінің мамандықары бойынша жұмысқа орналасып, өз мансаптарын жалғастырған екен.Біздің білім ошағымыздың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес, көп ұлтты білім беру орыны болғандықтан, кез – келген ұлт өкілі маман болып қалыптасам деген ниеті болса жеткілікті. Және шет елде білім алу мүмкіндігі де қарастырылған, сондай – ақ 11 жыл үздік оқып «Алтын белгі» иегерлеріне де 4 жылдық тегін оқу мүмкіндігімен қамтамассыз етіп отыр.
Тұран – жаңашылдыққа, жасампаздыққа, бәсекеге қарсы тұруға, мүмкіндігі мол жастарға арналған болашақ бастауы дер едім. Себебеі, жылдан – жылға жаңарған бағдарлама, күннен – күнге дамыған техника, біздерді ыңғайлы, әрі сапалы дамытып, қалыптастыруда. Оңтүстік Астанамыздың ең ыңғайлы жерінде, заман талабына сай жабдықталған, жаңартылған ғимаратта, мейірбан, жылы жүзді ұстаздар мен көпшіл студенттердің арқасында, Тұран әлі де болса талайдың таңдауы болары айтпасақ та айдан анық.