Менің таңдауым

Менің таңдауым
жеке
блог

11 жыл бойы білім ордасында жетіліп өскен, тәрбие алған менің өмірімде ең алғаш рет тестілеуден кейін үлкен таңдау жасауға тура келді. Өмірде екі нәрседен шатаспау қажет керек деп жатамыз. Соның біріншісі, яғни мамандық таңдау менің жолымды кес-кестеп алды. Шегінерге жол жоқ, қорқыныш та бар, сенімсіздік те бар. Осындай алай-дүлей сезімде жүріп, үлкен өмірге қадам басудың алғышартын орындадым. Менің таңдауым-әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, соның ішінде Шығыстану факультеті. Шынына келетін болсақ, ҚазҰУ қалашығына келгенше, өз таңдауыма сенімсіздік болған болатын. Алайда таумен ұштасып жатқан алып шаһардай болып көрінген ҚазҰУ-ға келгенде өз таңдауымның дұрыс болғандығын жақсы түсіндім. Және бүгін «Неге ҚазҰУ?» деген сұрақтарға жауап бергім келеді. Ең біріншіден, барлығымыз білетіндей ҚазҰУ- еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі. Сол себепті бұл жердегі берілетін білімнің сапасына күмән да келтіруге болмайды. Екіншіден, білім ордасының табалдырығын аттаған сәттен бастап, әр студенттің алдынан таптырмас мүмкіндіктер жиыны пайда болады. Яғни, ҚазҰУ тек білім жағынан емес, әр студенттің қызығушылығына байланысты жетілуіне де жағдай жасайды. Ал өз факультетіме келетін болсам, Шығыстану факультеті ҚазҰУ-дағы ең үздік факультеттер қатарына жатады. Бұл жерде әр студент қытай, корей, жапон, араб, хинди, урду, парсы тілдерінің бірінде білім алып, тек білім алып қана қоймай, өз тілінің нағыз мамаын болып шығуға мүмкіндік алады. Өз тілін әрмен қарай дамыту мақсатында факльтетімізде шет елге оқуға жіберу өте жиі жүреді. Яғни, Шығыстану факультеті тіл маманы болуды армандайтын әрбір жанға таптырмас мүмкіндіктер есігін ашып береді. Дәл қазіргі таңда мен қытайтану кафедрасының 4-курс студентімін. Қытай тілін меңгеру- жауапкершілікті, төзімді, шыдамдылықты қажет ететін қиын асу. Дегенмен, қиындығына қарамастан, қызығы да, тосыннан таңғалдыратын сыйы да қатар жүретін керемет тіл деп білемін. Сонымен қатар, еліміздің экономикалық, саяси жағдайын ескере отырып, қытай тілін пайдалы тіл деп те айта аламын. 4 жыл бойы керемет ұстаздардың жетекшілігімен алған білімді пайдалану-ендігі мақсатым. Мақсатыма жетер жолда алғашқы қадам жасадым, енді әрмен қарай ілгері қозғалуға міндеттімін. Жол соңына келген сәтте артылған үмітті ақтаған, өз тілімнің керемет маманы, қатарымның алды болғым келеді.

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 4-курс студенті Қалекенова Жұпар

 

Жетекшісі: Шарыпқазы Нүртәліп