Басқа тақырыпқа ойысып кеттім ау деймін… Сонымен, 38-ші күн. Сессия. Бізде жауап парағын беретін. Сол жауап парағына емтихан сұрақтарын және жауабын (білсең әрине) жазып беруің тиіс болатын. 37-күн қаңғырып, 38-ші күні мұғалімді көрейін деп отырған адам не жазады?!.. Емтиханға келе жатып, оның да амалын таптым. Университеттің 1-ші қабатында ксерокс болатын (қалай жарнамалағанӘӘ осы фирма өзін-өзі, ең алғаш еске түсетін сөз «көшірме» емес, «ксерокс). Сол ксерокста 50-лер шамасындағығы әйел кісі, ручка, қаламсап және де басқа толып жатқан майда-шүйдемен қатар, жауап парақтарының да көшірмелерін сататын. Бардым да алып алдым біреуін. Салып ұрып жақсы оқитын қыздарға бардым. Көзді ойнаттым, балмұздақ алып берем дедім, соңында осы емтиханда келетін потенциялды үш сұрақ пен үш жауапты алдым да, тағы да көзді ойнатып тұрып оны екінші жақсы оқитын қызға әлгінде алған жауап парағына көшіртіп алдым. Тек билет нөмірі деген жерді бос таста дедім. Ойым билет нөмірін ғана жазып (оны апайлар дәптерлеріне түртіп алады ғой) мұғалімнің таратқан жауап парағымен алмастыра қойып, бес алу. Ал, билеттегі сұрақтар сәйкестігін тексермейтіндігіне шүбә келтірмедім (сол отырады дейсің ба әр билетті тексеріп, тем более сырттай оқитындарды).
Сонымен не керек, кірдік емтиханға. Орта тұстан орын алдым. Мұғалім де кірді. Әдеттегідей жүзі жылы емес, қабағы қатулы
20 минут отырдым ғой құдай ауу… не істерімді білмей… Амал жоқ әнекті жауап парағымды тапсырып кетуге тура келді…
Ертеңіне бардым апайымыздың алдына… Онан соң да бардым… онан соң да…
5-ші күні әжетханадан шығып келе жатқан жерінен „ұстап алып“ жібермей қойдым. Өткен посттағы сылтаудың бәрі кетті… Жібімеді… Еркектерді не үшін ЕРКЕК деп атайтынын сонда ғана түсіндім.
Кабинетінің алдында тұрмын. Басқа амал жоқ. 2-ші күні 2-3 сұрақ беріп дайындалып келіп айтып бер, 3 қойып берем деген ғой. Ал мен… дайын да емеспін, 5-те алғым келеді
20 минуттан соң кабинетке басымды сұғып „Сізді бола ма?“,-дедім. Мұғалімнің өзі емес, қолы шықты. Қолында тілімдей қағаз бар. Қағазды ашып көрсем, магазин аты, кітап аты және жанында бағасы жазылып тұр екен
Бұл пара беруім, ең қиын пара беруімнің бірі ретінде өз тарихымда сақталып қалды…
Қалғандарын келесіде айтамын…