Менің "сынақтарым". 2-курс.

Менің "сынақтарым". 2-курс.
жеке
блог

2-ші курсты сырттай жалғастырдым… Арасына бір жыл үзіліс салып. Бұл уақыт арасында нендей тірліктермен айналысқанымды тағы бір жазармын… Алайда, осы арадағы бір жыл өмірге бейімделуге әбден-ақ үйретті. Сырттай деген оқу, оқу ма?!.. Жылына 40-күн барып қайтатынбыз. Әлгі бір ертегілердей 40-күн ойын болатын  40-күннің 34-күніне ең азы кешігіп, көбінесе бармай қалатын едік қой, шіркін… Жо-жооқ, білімді алдық. Бірақ өмірден. Қалтаңда дипломың болса, білімнің барлығы практикамен келетініне қазір көзім жетіп отыр. Өзімнен де өткен достарым болды.  Жүре беретінбіз қаңғырып, апталап үй бетін көрмей..
 

 

 

 

 

Басқа тақырыпқа ойысып кеттім ау деймін… Сонымен, 38-ші күн. Сессия. Бізде жауап парағын беретін. Сол жауап парағына емтихан сұрақтарын және жауабын (білсең әрине) жазып беруің тиіс болатын. 37-күн қаңғырып, 38-ші күні мұғалімді көрейін деп отырған адам не жазады?!.. Емтиханға келе жатып, оның да амалын таптым. Университеттің 1-ші қабатында ксерокс болатын (қалай жарнамалағанӘӘ осы фирма өзін-өзі, ең алғаш еске түсетін сөз «көшірме» емес, «ксерокс). Сол ксерокста 50-лер шамасындағығы әйел кісі, ручка, қаламсап және де басқа толып жатқан майда-шүйдемен қатар, жауап парақтарының да көшірмелерін сататын. Бардым да алып алдым біреуін. Салып ұрып жақсы оқитын қыздарға бардым. Көзді ойнаттым, балмұздақ алып берем дедім, соңында осы емтиханда келетін потенциялды үш сұрақ пен үш жауапты алдым да, тағы да көзді ойнатып тұрып оны екінші жақсы оқитын қызға әлгінде алған жауап парағына көшіртіп алдым. Тек билет нөмірі деген жерді бос таста дедім. Ойым билет нөмірін ғана жазып (оны апайлар дәптерлеріне түртіп алады ғой) мұғалімнің таратқан жауап парағымен алмастыра қойып, бес алу. Ал, билеттегі сұрақтар сәйкестігін тексермейтіндігіне шүбә келтірмедім (сол отырады дейсің ба әр билетті тексеріп, тем более сырттай оқитындарды). 
 

Сонымен не керек, кірдік емтиханға. Орта тұстан орын алдым. Мұғалім де кірді. Әдеттегідей жүзі жылы емес, қабағы қатулы . Таңдадым билетті көзді жұмып тұрып. тіпті, „қайтадан алуға бола ма?“ деген әдеттегі сұрағымды да қойған жоқпын. Отырдым бірден жазуға кірістім. Жазғанда сол… бірінші сұрағына „Ер Төстік“ кетті… екіншісіне үштұғырлы махабат  (әйелі, күйеуі, көңілдесі) жайлы анекдот кетті… Үшіншісі… енді бастай беріп ем, апайым жәйләәпп орнынан тұрды. Ішім қылп ете қалды. Сөйтсем сезіпті ғой қу іш (ия, ия мен жүрекпен емес, қарынмен сеземін)… Жаныма келді де менің жауап парағымды алып оқып көрді. Оқып көрді де мырс етіп күлді (менің үштұғырлы әнегім күлкілі көрінген болу керек). Мырс етіп күлді де „жалғастыра бер Данияр“,-деді қулана жымиып… 
20 минут отырдым ғой құдай ауу… не істерімді білмей… Амал жоқ әнекті жауап парағымды тапсырып кетуге тура келді…
Ертеңіне бардым апайымыздың алдына… Онан соң да бардым… онан соң да…
5-ші күні әжетханадан шығып келе жатқан жерінен „ұстап алып“ жібермей қойдым. Өткен посттағы сылтаудың бәрі кетті… Жібімеді… Еркектерді не үшін ЕРКЕК деп атайтынын сонда ғана түсіндім.
Кабинетінің алдында тұрмын. Басқа амал жоқ. 2-ші күні 2-3 сұрақ беріп дайындалып келіп айтып бер, 3 қойып берем деген ғой. Ал мен… дайын да емеспін, 5-те алғым келеді 
20 минуттан соң кабинетке басымды сұғып „Сізді бола ма?“,-дедім. Мұғалімнің өзі емес, қолы шықты. Қолында тілімдей қағаз бар. Қағазды ашып көрсем, магазин аты, кітап аты және жанында бағасы жазылып тұр екен  Салып ұрып әлгі кітап дүкеніне барып, 5-кітапты сатып алдым да алып барып бердім. Арасына зачеткамды қыстырып жіберуді де ұмытпадым. 10 минуттан соң қол қайтадан шықты. Бұл жолы зачеткам екен  Ішін ашып көрсем — »5" 
Бұл пара беруім, ең қиын пара беруімнің бірі ретінде өз тарихымда сақталып қалды…
Қалғандарын келесіде айтамын…