Әр бір қыздың тек өзіне тән ерекшелігі бар. Көзінің түсі, шашы, қасы дегендей))) Әр бір қыздың тек өзіне тән "бзик"тері бар. Біреудің сөмкеге "шатыры" кетеді, біреулер әшекей десе ішкен асын жерде қалдырады, үшіншілер аяқ киім жинап әлек, келесілері, мен секілділері шарф пен орамал десе алдына жан салмайды.
Орамал мен шарфтарды сегізінші сыныптан бері, алғашқы палантинымнан бастап жинай бастадым. Ол кезде палантиндер сәнді емес те еді, ағам Үндістаннан ерекше сұлу, өрнекті, үнділік палантиндерді алып келген болатын, содан басталды.
Он емес, отыздан аса сан түрлі орамалдарым бар))) Жынды ұқсап, барған жерімнен орамал алып келем, әр бір киімге сәйкес болатындай және мүлдеееем сәйкес келмейтін "юник" орамалдар бар.
Қасымда ылғи шарф не орамал болады, міндетті түрде. Қандай жерге бармасам да, багажымда бес алты шарфик болады. Кешкі көйлекке, күндізгі қарапайым киімге, спорттық киімге де шарфты қыстырып, келістіріп жүре берем)))
Шарфтың қырық түрлі байлау түрлерін білемін. Оған қоса жаңа шарф ескі киімнің өзін әрлендіріп, көріктендіре түседі.
Мынау менің шарфтарымның бір бөлшегі, қалған орамалдар мен шарфтар чемодандарға салынған, қысқылары әлі шығарылмады, кейбіреулері суретке түсірілмеді)))
Кезекті Анардың өзіне қайтарып берейін))))