Менің сиқырлы таяқшам болса...(әңгіме)

Менің сиқырлы таяқшам болса...(әңгіме)
жеке
блог

 Менің қолыма сиқырлы таяқша тисе, өмірдің мен білмейтін құпия сырларын ашуға тырысатын едім. Бүкіл әлемге ашық аспан боп орнап, күн болып жарқырар едім.

     Теңіз боп толқып, өз арнамды тұнық суға толтырар едім. Ағаш боп жайқалып сырымды ұғатын жанға адамша тіл қатар едім.

    Төрт мезгілдің кейпіне еніп, қыста аппақ қар болып, адам аяғы баспайтын жерге ғана жауар ем. Көктемдегі кіршіксіз апппақ жаңбыр болып, тек адамдарға қажетті жағдайларда ғана жауар ем. Күзде жапырақ боп сарғайсам да, адамдардың тәні тоңғанмен жүректеріне жылулық орнатар едім. Жаз болып әлемдегі жан дүниелердің барлығын өздеріне жас қалпында көрсетер едім.

   Жел болып ешкімді желіктермейтін, жаңбыр секілді  жалықтырмайтын, қар сияқты қасиетімді қалпында сақтайтын, найзағай тәріздес намысымды ешкімге таптатпайтын, бұлт болып бұзақыларды жөнге салатын, толқын тәрізденіп төңіректегілердің тартымсыз, тентек мінезін тануына көмектесер едім.

   Құдіреті күшті жаратқан жер ананың кейпіне еніп, жайсыз дүниелерді болдырмай, жаман адамдарды тайраңдатып, жақсы адамдарды ғана жұтпас едім.

    Су болып мөлдір қалпымды сақтайтын, топырақ кейпіне еніп таза қалпымда орнайтын едім. Ауа болып, мына жалған дүниеніің есігін ашқан әрбір адамдардың «өмір маған не береді?» деп емес, «мен өмірге беремін?» деп жаралған жандардың кеудесіне ғана орнар едім.

   Ай болып, қараңғы түнде адамдарға жол көрсетіп қана қоймай, қараңғы халықтың көзіне нұр сәуле боп мәңгі тұрақтар едім.

Тоқшылықова Айжан Каналбекқызы