Сәлеметсіздер ме! Жағдайларыңыз қалай? Менде бір мәселе болып отыр...
Жағдай былай "МАССАГЕТке" тіркелгеніме 2 жылдай уақыт болып қалыпты. Сол 2 жылдың ішінде екі ақ рет блог жазыппын)). Өзім "жазғыш" емеспін, жұртпен жанталасып өзімнің пікірімді де білдіріп жатқан жоқпын, тек өзіме қызықты, керек мәліметтерді оқимын да шығып кетем. Осы уақытқа дейін профилімді де қарамаппын))). Тіркелген кезде "өзім жайлы" мәліметтерді қалай жаздым, солай тұр. Солай тұрған шығар деп ойлаппын). Бүгім міне профилімді көрсем, қызық жағдай болды. Қысқасы, "діни көзқарасым" деген жерде "христиан" деп тұр. Шошып кеттім! Мен олай жазбаған едім, жазбаймын да! Енді өзгертейін десем өзгерте алмай отырмын, қалай өзгертемін енді?? Кімнен сұрарымды білмей осылай жазып отырмын). Өзімді кінәлі адамдай сезініп отырғаным... Христианы несі?? Құдай сақтасын!