Менің патриоттық тақырыптарым.

Менің патриоттық тақырыптарым.
жеке
блог

Естіп қалдым екі адамның сөздерін,

Ойып алғым келіп кетті көздерін!

Тәуелсіздік бізге оңай келді дейді,

Өзімді әрең ұстадым ,жарайды мейлі...

Екі шірік кім деп ойлайды,өздерін!?

 

 

Мүмкін сіз де, солай ойлайтын шығарсыз?

Былай айтып көрсем бәлкім,ұғарсыз!

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!

-Мә,алшы,-деп ешкім бізге берген жоқ.

Ойлайтындай олар, шын арсыз!

 

Тартып алдық, желтоқсанда күн ызғар,

Сапер күрегінен,таяқ жеген ұл-қыздар.

Қуғын-сүргін құрбаны болып өткендер,

Милиондап аштан өліп кеткендер.

Әу,қазақтар,қалай ғана ұқпайсыздар!

1995жыл ШҚО. Жаңалық ауылы.

 
Қайран тілім.



Атам сөйлеген,қайран тілім,
Ойласам,жүрегім тілім-тілім.
Көлікте,немесе дүкенге енсең,
Шүлдірлеген қаракөздер өңшең!
Қаракарғалардан,алақарға болмай...
Менде,шұбарлап қоямын сенсең.
Көтерілмей тұр ау,құның!

 

Ар-намысымыз өлген,
Комунистер оны көмген.
Шетімізден мәңгүрт қылған,
Біртіндеп жылдан-жылға.
Ыза қылғанда,бір сілкінші,
Бойыңды керіп,тұр да.
Ысырып бұлтты төнген!

 

Күніміз туған жоқ па?
Шіріді,буған ноқта!
Ендеше неге,жауырды жаба тоқимыз?
Шынын айтқанды,сауысқанша көзін шоқимыз.
Он жетіде тоқсан бес пайыз сөйлейді деп,
Неменеге сеніп теледидардан,оқимыз,
Істеліп жатқан бір ісің жоқта!

1999 жыл. Семей қаласы.



Егемен Қазақстан.





Егемен-деген сөз ;еге-ие,қожа және мен!яғни иесі бар,деген сөз.Орысша-вассалл!Әлдекімдердің БАЙҚАМАЙ ЕМЕС,қайталап айтам әдейі біздің сөзімізде ТӘУЕЛСІЗДІККЕ балама ретінде қолданғызып жатыр.Ғалымдарымыз бұған неге көз жұма қарайды?Егемен-деген сөз қазақта бар,бірақ ол тәуелсіздіктің баламасы емес,өз патшасы бола тұрып,басқаға алым салық төлеп тұратын елді айтады.Осыған мән берсеңіз екен ағайын!


1999жыл. Семей қаласы.