Студент кезде ойларым жазылған дәптерім сарғая бастапты. Соны сіздермен бөліскім келіп отыр:
Кез-келгенге құдығыңнан су ішкізе берме, жақсылықты түсінбейтіндер түкіріп кетеді.
Шетелдің долларынан, жерлестің теңгесі артық.
Ертеңін ойлаған үнемдейді,
Бүгінін ойлаған түгел жейді.
Отанды сүю міндет емес, тек жүрекпен ұқ.
Адамдарды ұрыстыратын да, татуластыратын да "ақша"
"Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" дегенді қазақ өзіне дәл ойлап айтқан сияқты. Оның дәлелі кез-келген елім деген азаматты тек өлгеннен кейін ғана жақсы екенін еске аламыз.
Ядролық қаруды қай елге қаратып қойсаң да, бір ұшы өзіңе тиеді. Өйткені жұтып жатқан ауамыз жер шарына ортақ екенін ядролық державалар түсінуі керек.
Шіркін, біреуді жамандауды қойдыратын дәрі табылса, жер бетінде қазақтан тату халық болмас еді.
Қасқырдан қашамын деп, арыстанға жем болма.
Айға таласамын деп жерден айырылып қалмайық, Адамзат!