Адамдар қызық. Мінездерін өздері түсінбей жатады. Не жасағандарын, не жасау керектігін түсінбейді. Адам ең бірінші өзін түзеуі керек, кейде басқалардың қателерін көріп өзінде сол қатені түзейді. Мен өзім қандаймын? Менің мінезім өзгермелі болып көрінгенімен, олай емес. Мен тек адамдардан бөлек шешім қабылдағым келмейді, сондықтан адамдар менің ойымды шашыраңқы деп ойлайды. Өзім салмақтымын, кейде тұйықпын, кейде ашық сөйлесемін. Мен өзім сондай адаммын. Өзгерсем де, адамдар сол ойда болады. Адам өзін толықтай тек өзі көре алады. Себебі әр адамның миы өзінде, ол ешкімге өз миын бере тұра алмайды. Бұл күлкілі шығар, шынымен адам тіпті сөзбен өзінің жағдайын жеткізсе де басқа адам оны түбіне дейін түсінбейді. Бүгін, ертең, арғы күні - бұлар бос сөз. Адам күндердің қалай тез өтетінін байқамай да қалады. Өмір солай. Тек нақты мақсат болса ғана, өмір мәнсіз өтпейді.