Менің Отаным-Қазақстан (эссе)

Менің Отаным-Қазақстан (эссе)
жеке
блог

                                  

                                    Эссе

                    Менің Отаным-Қазақстан

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.(Ж.Молдағалиев)                                                                                      

Ия, әркімнің өз туған жері-жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала, байтақ ел-Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді. Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді ,дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз. Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, рухани жаңғыру аясында EXPO-2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды, енді айта берсек өте көп. Биыл 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде. Жақында Америка елінде”The World’s Best”атты әйгілі жоба құрылып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты. Сол жобаға елімізден бұлбұл дауыс иелері Димаш Құдайберген, Данэлия Тулешова да қатысты. Бір қуантарлығы бұл екі әнші де ақтық байқауға жолдама алды Мінекей, еліміз жеткен жетістіктер қаншама. Күн санап еліміз жаңғыру үстінде. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылда өз орнын босатуға шешім қабылдады және елбасы міндетін Қасым Жомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Жаңа президентіміз Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертетінін хабарлады. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!

Бүткіл әлем сүйсінер елдің азаматшасы болу мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ жерінде туылған соң бар күш қайратымды қазақ еліне арнап, қазақ деп үн қатамын. Мен айтар ән де Қазақстан. Мен жырлар күй де Қазақстан. Себебі,менің Отаным-Қазақстан.