Менің МЕНім басым екен)

Бұны енді эгоизм дей ма...эгоға жата ма? 

Жалпы есімді білгелі ата-анам мені "СЕН! СЕН!" деп өсірген екен. "Менің қызым - ең ақылды, ең әдемі, ең білімді...т.б" деген сияқты еркелетуге көміліп өстім. Әсіресе, әкем  маған деген сенімін ешқашан жоғалтқан емес. Ата-анамның, туғандарымның арқасында өзіме өөөтее сенімді болдым. Бұл үшін оларға қарыздармын! Әрине, дұрыс істемеген жерімді айтып отыратын. Дегенмен, бұлай қолпаштау да өз зиянын тигізеді, өзімнің тәжірибемнен білем)

Яғни, "Мен ғана біріншімін!" деп өскен адам, ертең өзінен мықты адамдар бар ортаға түскенде сағы сынады. ("Менің сағым сынды, ойбай, қанатым қайырылды" деп жатқан жоқпын, тек мен бұны кішкене ертерек түсіндім, әйтпесе по полный сынар едім))))Енді осы әдеттерімді түзеуге тырысып жүрмін.)

1. Үнемі менің сөзім дұрыс болғанға үйрендім. Біреу дұрыс емес десе, кәдімгідей қызыл кеңірдек болам. 

2. Кемшілікті өзімнен іздемейтін болдым.

3. Біреу сын айтса, "Сол да сөз ба?" деп, өзімді ақтап алатын болдым.

 

 

Р.SS. Болашақта өз балаларыңызды асыра мақтамаңыз! Сосын тым ерке етпеңіз! Ну енд...арасында болад енд)

 P.S. Өзімнің туған сіңлім - Ақзеренің өзімнен асып бара жатқанын мойындау керек)))))




Бөлісу: