Менің мектептегі қызықтарым /кезексөз/

Менің мектептегі қызықтарым /кезексөз/
жеке
блог

 Кезексөздің кезегін Анарадан алдым. Артынша жазыпты түк көрмегендей дейтін шығарсыздарSmile

 

Кішкентай кезімде тым алаңғасар болғам (қазір де жетісіп тұрғаным шамалы) қолымдағы затты қайда қалғанын білмеймін, қойғаным қойған жерде қала беретін. Бірінші сыныпта мектепке сумкамды ұмытып кеткенмін. Сембі күні еді. Сумкамның жоқ екенін үйге жақындап қалғанда ғана сездім. Ол кезде автобуспен  тегін жүретінбіз (негізі тегін емес, жай ғана автобусқа ақша төлеу керек деген понятия әлі қалыптаспаған ғой) Үйге жақындаған сайын жүрегім дүрсілдеп, мамамнан қорқып келдім. Бірден әжетханаға кетіп қалдым да, біраздан соң мамама "Жаңа ғана есіктің алдына сумкамды қойып едім, ит суреп кетіпті" дедім. Не деген арам едім кіп-кішкентай болып. Өтірік айтып тұрғанымды әрине мамам сезіп қойды. Келесі күні таң атпастан мектептің сторожына есікті аштырып, сумкамды әкем әкеліп бергенEmbarassed

Қаладан ауылға барғанда мектептегі ең бірінші күн мен үшін ауыр болды. Апам екеуміз мұғалімдер кабинетінде отыр едік,  болашақ сыныптастарым есіктен жылтың-жылтың етіп сығалап жатты. Ішінде Мақпал Сембай да бар.Өзім сары куртка киіп алғанмын, шашым да сап-сары. Арғы жағындағылар "қандай екен" деп сұрады ма әйтеуір бір қыз мені оларға "ой, сап сары бірдеңе" деді. Жүрегіме сол сөз қатты тиген сол кезде.Laughing

                                5 сынып, жаңа жылдағы сурет

 Шамасы 7 сыныпта ғой деймін, есімде жоқ, "қыз сынына" қатыстым. Өзім қаладан ауылға енді үйреніп келе жатқанмын. Сұрақ викторинасынан маған "Төрт түліктің аталарын ата" деген сұрақ түсті. Қобалжығаным сонша "Қойдыкі-шопан ата, жылқынікі-қамбар ата, сиырдікі- ойсыл қара" деп келіп, "Есектікі" деп тоқтап қалдым, Бүкіл зал күліп жатыр. Қате айтқанымды білемін, өз ойымда есек емес "ш" деген әрпі бар сөз еді ғой-деп ойладым. Содан ұят-ай: Ой кешіріңіздер есек емес "ешек" дедім. EmbarassedЗал күлкіден қырылды. Содан кейін "қыз сынына" қатыспайтын болғанмын.

10 сынып оқып жүргенде еңбек сабағынан Зеку деген апайымыз беретін. Оның сабағы химия кабинетінде өтетін. Зеку апай келе жатқанда бәріміз лабороторияға тығылып қалатынбыз. Жасы келген кісімен болса да біз үшін "тығылыспақ" ойнау қызықты еді. Ешкімнің жоқ екенін көрген ол бүкіл 3 этажды айналып келгенде, түк болмағандай қолымызға матамызды алып, тоқымамызды тоқыыып отыратынбыз. "Наглетьеткеніміз" сонша "Зеку апай, қайда жүрсіз, сабақтың басталғанына 15 минут болды" дейтінбіз. Ол кісі де ашуланып "ой, шайтандар" дейтін.

 Сабағымның бәрі "5" болған құдайға шүкір.Апам да сабағыма күнара қатысатын. Апамды көргенде сыныптастарым "Түүу, местный комиссия" келе жатыр деп ренжитін. Апам да тыныш отырмайтын. Артында отырған балаларға "Дәптерің қайда, кітапты неге сызғансың" деп мені ұялтып ұрсысып отырушы еді.

Апам тым қатал еді. Вечер деген мен үшін жабық тақырып болған. Тек бір мәрте вечерға жіберген. Өзімізше дастархан жасап жүр  едік, қолында дәу таяғы бар апам кіріп келді. Жүрегім зу ете қалды. "бас аяғыңды үйге" демесі бар ма. Сөйтіп вечер басталмай жатып аяқталды маған.

Айта берсең қызық көп қой)))

Келесі кезегімді  Ғалия Жакенге  беремін.