Менің мектептегі қызықтарым (Эстафета)

Менің қазіргі күйімді көрген адамдар менің мектепте сұмдық бұзық оқушы болғаныма сенбейді :). Мектепте мамам мектепке көп шақырылатын :). Мамам намыстанып бармай қоятын, папама "сен бар, сенің еркең ғой. әрі мектептесің" деп папамды жіберетін. Папам бірақ ешқашан бармаған...

Әңгіме сол, менің ер бала сияқты өскенімде ғой. Ер балалармен дос болып, солар сияқты сөйлесіп, солай сияқты төбелесе алам деген ойым еді ғо... Сонымен менің мектептегі есте қаларлық "бұзықтықтарым":

1. 1- сыныпта оқимын. папамның достарының әйелі ұстазымыз. Ана кісіні күнде үйде көргесін бағынбайм аздап. Ауылда 92- жылдары жылумен аздап қиындау болатын. Мен батареяның қасында отырам, аяғымды батареяның үстіне қойып алып отырам. Апай сабақ тыңда десе "кеше, папаммен үйреніп алғам" деп апайды менсінбейді екем. Укасканы апайдан алып ап, сабаққа түсіндірем деп қиғылық салады екем.

2. апайдың күйеуі бізге суреттен сабақ береді, тексеру келіп, ашық сабақ өткізіп жатыр ағай мен орнымнан ұшып тұрып "ағай, кеше біздің үйде папаммен арақ ішкен" деп айтып қайта отырғам :)

3. 3- сыныпта апайымызды (басқа апай) алып қашып кетті жігіті. Оны естіп алып, ертесі бар класты жинап сабақтан қашып апайды қуып барып, әкелуге жинап апарғам. Бірақ, апай қайтпай қойды. Сол күйеуімен әлі тұрады қазір :)

4. 3- кластың қыздарымен "шай ішеміз" өнерін бастағам, тамақ әкелмегендерді қоспайтынмын  :) Мамалары кеп ұрысқан: "пәле, кіп-кішкентай болып бәрін біледі, адам бөледі" деп. Зато қыздарына математикадан есеп бермей қойғам.

5.  6- класта қаладан кеген қызды ұрғаным үшін, жиналысқа салған. ))) Ол өзі ғой, орысша сөйлеп қоймаған, а мен ол мені боқтап тұр деп ойлағам (ну, шынымен де боқтық сөзі болған ішінде) ол кезде орысша білмейтінмін мүлдем :):

6. 6-сыныпта каблукпен футбол ойнап, каблугым түсіп қалған. Зато мамам сол жылы 5 туфли әперген

7. үзілістен келсем сумкам қозғалады, шошып кеттім. Сөйтсем, Жандос кластасым кептер сап қойыпты тірідей. Мен оған жылап, бірақ ол менен қаттырақ жылады. Қуанышбек досым жақсылап тәртіпке салды оны.

8. Бір баланы столмен ұрам деп, терезе шағып тастағам, бірақ ақшасын ана бала төледі

9. 11 сыныпта сабақта отырсам, туфлиім жоқ аяғымдағы. Ыстықтаған соң шешіп қойғам ғой. Іздесем апайдың столының үстіне қойып қойыпты

10. Француз тілінен 4 қойғаны үшін, басқа топқа ауысып кеткем. Олай болмайды десе, "онда мүлдем сабаққа келмейм" деп қорқытқам. Білмейм, мектепті сөйтіп жүріп қызылға бітіріппін. (біздің кезде алтын медаль болмаған).

Айта берсем, сендер мына жерде түнеп қаласыңдар :). Сіздерде қандай қызықтар болып еді?  Қызықтарыңызбен эстафета түрінде бөлісе отырыңыздар :) Эстафета Сырдың қызы Салтанатта!



Бөлісу: