Менің махаббатым (эстафета)

Осыдан біраз уақыт бұрын Айжан (жоқ ол менің Айжаным емес Табынның Айжаны) бастаған "Менің махаббатым" деген эстафетаны менің Айконам жалғастырып, таяқты Алшын Матайға табыстаған.Жалғастырамын, жалғастырдым демеді де, сонымен бұл таяқ орта жолда қалды. Негізі, байқасаңыздар массагет сайтының админдері көптеген эстафета таяқтарын аяқсыз қалдырады, саусақпен шұқып көрсетпей-ақ қояайын. Немене қыртып отыр эстафетасын бастамай ма деп отырған шығар бір кісілер іштей ұрсып)))).

Сонымен, менің махабатым не дейсіздер ғой, жүрегімдегі махаббатымнан өздеріңіз хабардарсыздар, оны қайтып айтып мақтанбай ақ қояйын көздерің тиіп қалар. Жүрегімнің түкпіріндегі махаббатымның иесі ол - Айкона.

Ал сіздерге баян ететін махаббатым осы сіз оқып отырған жазба орын алған сайт Массагетіме деген махаббатым. Иә, иә мен оны жақсы көремін. Махаббатым үшін мен не істедім, әзірге ауыз толтырып айтарлықтай ештене жасамадым, алдағы уақыттарда массагетке жасаған сүйіспеншілігімді көре жатарсыздар. Әзірге осы уақытқа дейінгілерімді баяндап өтейін. Сайтқа қалай келгенімді өткендегі жазбаларымда баян еткенмін. Шыны керек алғаш кіріп жүрген кезімде сайт ішінде адасатынмын, Көктемнің жайма шуақ күндерінің бірінде Аякөз қаласында жұмыспен іс сапарға келдім. Қолым қалт етіп кіріп қалсам мына жазба тұр басқы бетте. Міне осы жазбада мен алғаш рет пікір жаздым, менің пікіріме Анарка жауап жазды. Анардың аудармашылық қызметіне ризамын, Әлі де талай дүние аударып, кейінгі жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні бар аудармаларың көбейе берсін деген тілек айтқым келеді.Осы сайттағы алғашқы арнауым өзіңе арналған, келіннің бетін кім ашса сол ыстық деген сөз рас. Содан сыйлығымды жібердім, алғандарынан хабардармын, бір уақыта Анардан агентіме бір хабарлама келеді, ашсам сілтеме фокус мокус деген. Осылай мен келіп тіркелдім деген жазбасыз осы ауылдың бір тұрғынына айналдым. Қолында балғасы, иығына асқан шаблоны бар теміржол монтері үшін интернет әлемінде Астанаға апта сайын жіберетін есеппен, күнделікті қолданатын майл ру мен оның агенті ғана таныс еді. Міне, осы массагеттік қолданушы болған соң көтеген достар таптым солар арқылы қазақ тілді интернеттің дамып келе жатқаның және өзіме керекті ақпараттар алдым онымен қоса көптеген сайттардың бар екенін көрдім. Ең бастысы осы сайт арқылы Айконтайды таптым.

Көктем кетіп жаз шықты, Онлайн арулармен кездесуді жазға жоспарлағанмын, авто аварияға ұшырап келе алмайтын болғасын дайындаған сыйлығымды беріп жібердім. Массагетке ұсыныс хат жаздым, сол ұсыныстарым уақытымен жүзеге асып келеді.

Массагет маған не берді? білмегенімді үйретті, ішімдегіні сыртқа шығартты айта берсек көп қой. Аспаздық бөлімін жүргізетін Сәнияның кеңестері,азпаздығымды одан ары шындай түсті.Бәрі үшін рахмет саған массагет. Барлықтарыңызға таратқандай сыйлықты менде алдым, бірақ қазір қолымда ештене жоқ. Қаламды жеңгем қалап алды, блокнотты інім алдым, кружканы қарындасым алды, футболка қалған өзімде үйдің жанында тұратын ағам ары жүріп бері жүріп: "саған үлкендеу екен ана футболкаң"- деген сияқты әңгімелер айтып жүріп аяғында сұрап алды маған берші деп)))...

Сайтқа  яғни махаббатыма берер батам: трольдардың атакасынан сақтасын, анти......дің әңгімесіне мән бермей, ары қарай жылжып дами берсін, көреріміз көп болсын, сол көреріміздің тәрбиелік мәні бар болсын.Осы сайтың қолданушыларының білімдері шындала берсін,жастар бақытты болсын. Аумин! 

Эстафета таяяғын екі қызға ұсынғым келіп отыр: біріншісі Астана қаласының тұрғынына (жазған жазбаларының суреттері қыздың жинаған жүгіндей), екіншісін пагондылар жайлы көп жазатын (пагондыға деген махаббатын оқығым келеді)



Бөлісу: